Оқушылардың 51-ші облыстық пәндер олимпиадасы аяқталды. Олимпиадаға 9-11 сыныптар аралығынан 15 жалпы орта білім беру мектептерінің 51 оқушысы қатысты, оның 10 оқушысы мемлекеттік тілдегі мектептерде оқиды.
Қалалық олимпиадалардың қорытындылары бойынша облыстық кезеңге қатысушылар: № 4 (1 оқушы), № 9 (12 оқушы), № 16 ( 2 оқушы), № 17 (1 оқушы), № 19 ( 2 оқушы), № 20 (2 оқушы), № 22 ( 2 оқушы), № 25 ( 2 оқушы), № 26 (1 оқушы), № 29 (3 оқушы), № 33 (1 оқушы), № 34 ( 1 оқушы), № 36 ( 3 оқушы), № 39 ( 10 оқушы), № 40 (1 оқушы), школа «Стикс» мектебі (8 оқушы).
Жеңімпаздар бойынша алда келе жатқан жалпы орта білім беру мектептері:олимпиадаға дайындығы бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болған командалар: № 39 орта жалпы білім беру мектебі (жеті жүлделі орын), № 9 мектеп - гимназиясы (жеті жүлделі орын), Стикс мектебі (бес жүлдел орын)
- нәтиже көрсеткен мектептер: 4, 5, 16, 19, 20, 25, 29, 34, 36.
Облыстық олимпиадаға қатысқан 51 оқушының 29 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 4 оқушысы І орын жеңімпазы, 12 оқушысы ІІ орын жүлдегері, 13 оқушысы ІІІ орын жүлдегерлері. 2013 жылдың наурыз айында өткізілетін Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңіне 16 оқушы ұсынылды.