2013 жылдың 25 қаңтарында Павлодар облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау Департаменті және ПМПИ Ата-аналар академиясымен бірлесін қорғаншылық секторы «Қорғаншылықтағы балалардың психоэмоционалық дамуының ерекшеліктері» атты семинар-тренинг өткізді. Өзінің алғы сөзінде балалардың құқықтарын қорғау Департаменті бөлімінің бастығы А.Қ. Мүсәпірова облыста 1300 жуық бала қорғаншылыққа берілгені туралы айтып кетті, сондықтан Отбасыларға көмек көрсету қызметтері және Асырап алушы ата-аналар мектептері ашылуда. Қорғаншылық секторының меңгерушісі З.Ж. Қалиева қатысқан қорғаншыларға белсендік танытқандары үшін алғысын білдірді. Өткізілген тренингте қатысушылар позитивті әсер алып, асырап алған балалармен қарым-қатынас жүргізудің ерекшеліктерімен танысты.
Қорғаншыларға арналған семинар-тренинг