ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жоғары және бірінші санатқа аттесталатын мұғалімдерінің портфолиоларын қорғауы
04-02-2013 03:55
Жоғары және бірінші санатқа аттесталатын мұғалімдерінің портфолиоларын қорғауы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақсатын іске асыруыда, 22 қаңтардың 2010 жылғы «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі»талаптарын есепке ала Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті және Павлодар облысының білім және тәрбие дамытудың инновациялық орталығымен бірге 2013 жылғы 31 қаңтарда №№7, 11, 28 мектептер негізінде жоғары және бірінші санатқа аттестациядан өтетін мұғалімдердің портфолио қорғауы өтті. Осы іс-шараның негізгі мақсаты - тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейі анықталады.

2012-2013 оқу жылында педагогикалық жұмыскерлердің аттестациясына 473 қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, мәдениеттану  циклы, қосымша білім беру, бастауыш сынып мұғалімдері, әлеуметтік педагогтар, психологтар мәлімдеді. Аттестаттаудың негізгі қағидалары аттестатталатын педагог қызметкерге, объективті, ашықтық және алқалық қатынасты қамтамасыз ететін; ішкі және сыртқы бағалаудың жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады. Сондықтан педагогтар бес жыл бойы өзінің нәтижелерін, шеберлігін, шығармашылығын ашық сабақтарда, семинарларда, шебер сағаттарда көресетіп жүрді. Олар қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық кәсіби конкурстарда, олимпиадаларда, ғылыми-практикалық  конференцияларда қатысушы және жеңімпаз болды. Сонымен қатар біздің мұғалімдер бір орында тұрмай өздерінің алған білім және біліктері арқылы кәсіптік деңгейін жоғарлатады.

 «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға...» деп, біздің мұғалімдерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларына амандық, кәсіби жоғарлауын және шығармашылық табыс тілейміз!