Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Әй, жарайсың!» сайысы
27-02-2013 13:10
  «Әй, жарайсың!»   сайысы

    

                            «Әй, жарайсың!»   сайысы

 

     Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағын тілден бөліп алып қарауға болмайды. Бүгінде  тек қана қазақ балаларының ғана емес өзге ұлт өкілдері балаларының да қазақ тілін білсем деген сезімдері  басым. 

  Қазақ тілін   дамыту және қолдау мақсатында оқушылар арасында жыл сайын қалалық  «Әй, жарайсың!» сайысы өтеді.

   Биылғы жылы «Әй, жарайсың!»  сайысы «Мемлекетіміз дамыған елдер қатарынан орын алуы»бағдарламасы аясында өтті. Бұл сайысқа қалалық мектептерінің 24  командалары қатысты. Бірінші іріктеу турынан 10 команда сүрінбей, екінші кезеңге өтті.

  Сайыстың басты мақсаты: өзге ұлт  өкілдері оқушыларының мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістіктерін анықтау, отансүйгіштік сезімін ұялату, тіл ұстарту, өнерлі жастарды таныту, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін  құрметтеуге  насихаттау .

  Сайыстың ережесі бойынша ұлты қазақ емес   6-7 сынып  оқушылары қатысты. Осы сайысқа дайындық барысында  оқушылардың ынта-жігерлерін, талаптарын байқадық. Олар сайыстың қойылған талаптарына сай дайындалып өз өнерлерін биік дәрежеде көрсете білді.Ерекше көзге түсіп, өз өнерлерін көрсете білген мектептер, яғни бас жүлдеге №16 лицей-мектебінің командасы ие болды , І-орынды №21 ЖОМ командасы алды, ІІ-орынға №18 және №36 мектептері ие болды, ал ІІІ-орын иегерлері №1, №43 және №42 мектептерінің командалары.

  Жеңіске жету бір күндік жұмыс емес, ол күнделікті тынымсыз,

 шығармашылық ізденістің  нәтижесі.  Осы мақсатта  мектептер  бойынша оқу үрдісінде, сыныптан тыс жұмыстар барысында мемлекеттік тілге оқушылардың  қызығушылықтарын арттыруда түрлі жұмыстар атқарылады.

    Оқушыларға  білім беруші де жол сілтеуші де  ұстаз. Ұстаздарға дайындықтары үшін алғыс білдіре отыра, дендеріне саулық, осындай шығармашыл оқушылары көбейіп, қуанта берсін дегіміз келеді.   Шәкірттерімізге айтарымыз:  білім нәрімен  сусындап, асқарлы биік шыңдарға қанаттары талмай өрлей берсін.

 

 

       Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері

Халида Бекбосынова