ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалімдердің қалалық пән олимпиадасының қорытындысы
27-02-2013 14:03
Мұғалімдердің қалалық пән  олимпиадасының қорытындысы

       Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қалыптасқан дәстүрі бойынша жыл сайын қалалық мұғалімдер пән олимпиадасы өткізіледі.

      Бұл іс-шараның басты мақсаты: қала мектептеріндегі шығармашыл мұғалімдерді анықтау, ұстаздардың еңбектерін ынталандыру.

   Мұғалімдер пән олимпиадасы қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану –математикалық бағыттағы және бастауыш сынып мұғалімдері үшін №6 жалпы орта мектебінің  базасында өткізілді. Оған 259 мұғалім, 11 пән бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері, математика, физика, география, биология, химия, тарих, информатика және бастауыш сынып) және мемлекеттік тілді оқытатын - 98, орыс тілінде оқытатын-161 мұғалім қатысты.

   Білім берудің заманауи талаптарына, пән құзыреттіліктерін игеру деңгейін айқындауға бағыттылған олимпиада тапсырмаларын Павлодар облысының Білім беру басқармасы «Білім беру мен тәрбиелеуді дамыту инновациялық орталығы» әзірлеген.

  Олимпиаданың қазылар алқасы мектеп директорларының орынбасарларынан, қалалық мектептердің жоғары білікті мұғалімдері құрамынан құралды.

Олимпиада мұғалімдердің  теориялық білімдерін көрсетуге және жоғарлатуға, ұстаз еңбегінің абыройын жоғарлатуға және ынталандыруға мүмкіндік туғызады, өйткені жүлделі орынға ие болған мұғалім ережеге сай алдын-ала өзінің кәсіптік категориясын, яғни біліктілік санатын жоғарлата алады.

         Қалалық мұғалімдер пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

     - қазақ тілі мен әдебиеті пән бойыншаІ-орынға Сағатбекова Қ.О. (№30 ЖОМ, қазақ мектебі) , Қапезова Г.Е. (№4 ЖОМ, орыс мектебі) ие болды

ІІ–орынды Апсалямова Ә.А. (№20 лицей-мектебі,қазақ мектебі), Еспосынова А.С.(№16 лицей-мектебі),Жанғозина Ә.Ә.(№34 ЖОМ), Иманғалиева Б.К.(№18 ЖОМ), Абдрахманова Г.К.(№36 ЖОМ) мұғалімдері алды.

ІІІ-орынға Уалиханова Н.М.(№22 ЖОМ), Камбар Ә.Е.(№14 ЖОМ), Вассу С.С.(№30 ЖОМ), Қалиасқарова С.Ж.(№1 ЖОМ), Жакина А.Х. (№42 ЖОМ) ие болды.

  • Орыс тілі мен әдебиеті пән бойынша ІІІ-орынға Хмоленко А.И. (№9 ЖОМ), Касимова К.Ф. (№22 ЖОМ) ие болды.
  • Ағылшын тіліненІІ-орынды Смакова М.(№19 ЖОМ) және Гилевич Е. (№41 ЖОМ)   алды.

ІІІ-орынға Сульбаев Т.(№2 ЖОМ), Қайсаринова А.(№28 ЖОМ), Бекпау А.(№39 ЖОМ), Замятина Н.(№1 ЖОМ), Чепелюк А.(№11 ЖОМ), Баканова Д. (№16 лицей-мектебі), Ахметова Н.(№43 ЖОМ), Исабекова Б.(№25 ЖОМ) ие болды.

  • География пәні бойыншаІІІ-орынға Кожакар В.А.(№11 ЖОМ) ие болды.
  • Қазақстан тарихы пәні бойыншаІІ-орынға Кульжанова К.Д.(№4 ЖОМ), ие болса, ІІІ-орынға Дацюк А.Ф.(№17 ЖОМ), Каирбекова Д.Б.(№38 ЖОМ) ие болды.
  • Информатика пәні бойынша І- орынға ие болып, 100% алған Поляков И.О. (№34 ЖОМ).
  • Бастауыш сынып, мемлекеттік тілде оқытылатын мектептер бойынша І-орынға Адамбаева С.С.(№19 ЖОМ), Дюсенова Р.(№21 ЖОМ) ие болды. ІІ-орынға Абраева Д.(№35 ЖОМ), Касенова А.К.(№30 ЖОМ), Жағыпарова К.(№4 ЖОМ), Толеухан Б.Т.(№5 ЖОМ), ІІІ-орынға Искакова Ж.(№30 ЖОМ) Акбанова А.Х.(№22 ЖОМ), Зорький Ж.(№2 ЖОМ), Ташкенбаева Г.(№25 ЖОМ), Карасатова А.Т.(№5 ЖОМ), Мұхамеджанова З.А.(№29 ЖОМ), Жигмид К.(КОМ), Шарбақбаева Б.К.(№35 ЖОМ), Шакарғалиева Т.(КБМ№3), Аманжолова Г.(№35 ЖОМ), Жаркина К.(№35 ЖОМ) ие болды. Орыс тілде оқытылатын мектептерден ІІІ – орынға Сергеева Ю.В.(№26 ЖОМ), Голубка А.В.(№41 ЖОМ), Менцель Т.(№17 ЖОМ), Хохлова А.(№11 ЖОМ), Люблинская Н.С.(№11 ЖОМ), Крутикова Е.В.(№28 ЖОМ), Никитина Е.С.(№34 ЖОМ), Рахимбекова А.Т.(№42 ЖОМ) ие болды.

Қалалық олимпиаданың жеңімпаздарына 2013 жылғы 27 наурызында өтетін облыстық мұғалімдер пән олимпиадасына қатысып, бақтарын сынауға мүмкіндік туып отыр. Жеңімпаз және жүлделі орындарға ие болған мұғалімдерді құттықтай отыра, дендеріне саулық, шығармашылық табыс және алдағы сыннан сүрінбей өтіп, биік шыңдарға жетулеріне тілектеспіз!

 

 

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері

Халида Бекбосынова