Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№41 ЖОМ базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті
01-03-2013 05:51
№41 ЖОМ базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті

№41 ЖОМ базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті

 

       Ақпанның 28-і күні №41 ЖОМ базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Қалалық семинардың негізгі мақсаты: қала мектеп арасында бір-бірімен тәжірибе алмасу, педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, әдістемелік бірлестіктің жұмысын қарастыру.

      №41 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері бұл семинарға барлық ынталарымен дайындалған. Семинар қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдер бірлестігінің әдістемелік көрмесінен басталып, ӘБ жетекшісі Жүсіпова Г.Ж. ӘБ жұмысының тәжірибесімен бөлісті. Семинарға келген мұғалімдер Б.М.Қабиденованың, Г.Х.Ахметованың, Г.Ө.Рахметованың, Г.Т.Жұматаеваның ашық сабақтарына кіріп, дәстүрлі емес сабақ формаларын, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды, оқушылардың танымдық қызметін дамытатын, пәндік құзырлылықтарын қалыптастыратын  әдіс-тәсілдерді көрді. Мұғалімдер Г.Ө.Рахметованың  «Қазақ тілін сапалы оқытуда «Activstudio» бағдарламасын қолдану» атты шеберлік сағатына қатысып, соңынан «Өнерлінің өрісі кең» атты сыныптан тыс іс-шараны тамашалады. Семинар өз мақсатына жетіп, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері №41 ЖОМ ұстаздарына өз алғыстарын білдіре отыра, шығармашылық табыс тіледі және осындай маңыздылығы мол семинарлар саны көбейсін деген пікір білдірді.  

 

Павлодар қаласы

білім беру бөлімінің әдіскері

 Х.В.Бекбосынова