ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абзал жанды аналар мен педагогика еңбегінің ардагерлері!
07-03-2013 05:02
Абзал жанды аналар мен педагогика еңбегінің ардагерлері!

Абзал жанды аналар мен педагогика еңбегінің ардагерлері!

    Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де көркем, кербез көктемнің   алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың, мәдениетіміздің тамырына терең үңіліп, тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты сақтау және дамыту жолындағы қайырымды істеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіремін.

Кәрі қыстың қаһары қайтып, әсем ерекшелігімен көңілді көтеріп, сезімге үміт ұялатқан қыз мінезді көгілдір көктемнің көрікті мерекесінде сарқылмас бақыт пен мәнді де мағыналы ұзақ ғұмыр тілеймін.

Көкжиектен күлімдеп көтерілген күміс күннің шуағы мен ерке көктемнің желпіндірген майда самал желі көңілдерніңізді көтеріп, жүректеріңізге асқақ арман сыйласын.

Отбасыларыңызға және өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, әйел бақытын және білім беру саласы жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.

    

Павлодар қаласының білім бөлімі