Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Тіл - достық"
17-02-2008 18:00

Ұлты қазақ емес Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілері арасындағы «Тіл - достықтың құралы»

ІІІ қалалық конкурсы туралы

АҚПАРАТ

Бүгінгі таңда қазақ тілін меңгеру – ең басты мақсат болып табылады. Қалыптасқан дәстүр бойынша білім беру бөлімі 2008 жылғы 7 ақпан күні сағат 15.00-де № 1 мектептің базасында облыстық «Ана тілі» бағдарламасын іске асыру, қазақ тілін меңгеру деңгейін және мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрету жөніндегі үйірме жұмысының тиімділігін анықтау мақсатында мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің қазақ тілін жетік білетін мұғалімдерінің конкурсы өткізілді. Қала мектептерінде қазақ тілін оқыту үшін тиімді жүйелер енгізілген. Қазақ тілін меңгерудің маңызды көрсеткіші конкурсқа қатысушылардың еркін сөйлеуі, сұрақтарға жылдам жауап беруі, сөйлемді дұрыс құрастыруы және берілген бейтаныс сөздерді аудару болып табылады. Конкурсқа қатысуға 26 мұғалім тілек білдіріп, іріктеу турынан 10 ұстаз финалдық конкурсқа жолдама алды. Конкурс 5 кезеңнен тұрады:

Таныстыру, "Өнер алды-қызыл тіл" , «Жедел» - аударма» "Құрақсөз" (Берілген бір сөздің әріптерін пайдалана отырып жаңа сөздер құрастыру), "Отан отбасынан басталады" шығармашылық конкурсы.

Конкурстың жеңімпаздарын құрамында Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасының, қалалық білім беру бөлімі және тілдерді дамыту мен мәдениет бөлімдерінің қызметкерлері бар әділқазылар алқасы анықтады. Конкурстың қорытындысы бойынша І жүлделі орынды № 6 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Женаева Е.С, ІІ орынды № 39 мектептің математика пәні мұғалімі Куцель В.Г,ІІІ орынды Тутаева Е.Ю мен Павлович И.С иеленді. «Жігерлігі мен қажырлы еңбегі үшін», «Қазақ тілін үйренуге деген ынтасы үшін» және «Үміт» атты үш аталым бойынша (номинация) лауреаттар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломмен наградталды.