Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қалалық мұғалімдер олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты
12-03-2013 09:53
Қалалық мұғалімдер олимпиадасының  жеңімпаздарын марапаттау салтанаты

 

2013 жылғы 6 наурызда №7 мектептің акті залында «Жұлдызды Олимп – 2013» қалалық мұғалімдер олимпиадасы жеңімпаздарының салтанатты марапаттауы  өтті.

Салтанат атақты заманауи жапондық-ғалым, жазушы, аудармашы Борис Акунинің: «... Егер сен толғалы жеткенде өзің ұстаз болсаң да, бәрібір оқуды жалғастыр» сөздерінен басталып ашылды.

Әрбір марапаттау сазды нөмірмен сүйемелденді. Әндерді №7 мектеп оқушылары, №№9, 25, 26, 33, 36 мектептердің музыка, АӘД, хореграфия, дене шынықтыру, тарих мұғалімдері: А.К. Амосов, И. Денисюк, С.К. Абилев, В.В. Вайгант, Н.А. Липин, №29 мектеп директоры Ф.И. Ибрагимов орындады.

 Алғыс хатты олимпиада қатысушыларына 2012 жылғы облыстық информатика пәні бойынша олимпиада жеңімпазы, №7 мектептің мұғалімі Ю.Н. Онацько тапсырды.

3 орынға ие болған мұғалімдерді білім беру бөлімінің грамоталарымен 2012 жылғы облыстық неміс тілі пәні бойынша олимпиаданың жеңімпазы, №39 мектептің мұғалімі С.Я. Камалова, 2 орынға ие болған мұғалімдерді – білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова, білім беру бөлімі бастығының орынбасары Г.Ш. Шиндлярская марапаттады.  

Павлодар қаласының мұғалімдер кәіподақ ұйымының төрайымы                          К.И. Аштаева  құттықтау және тілек сөздерді айтып, қалалық олимпиаданың жеңімпаздарына облыстық кезеңде сәттілік тіледі.

Марапаттау салтанатында қалалық олимпиаданың 78 жүлдегерлері болды. Олардың арасында 43 мұғалімдер келесі кезеңге өтті.

Оларға шығармашылық табыс және жеңіс тілейміз!