ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары ІІІ халықаралық конкурсының қорытындылары
12-03-2013 10:04
Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың  математика және механикадан зерттеу жұмыстары  ІІІ халықаралық конкурсының қорытындылары

 

2013 жылғы 28 ақпаннан 2 наурызға дейін математика және механика ғылымдар саласын зерттеуге қабілетті және қызығушылық танытатын дарынды балаларды анықтау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық ортылығы Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары ІІІ халықаралық конкурсын өткізді.

         Павлодар облысы мектептеріңің 16 қатысушылары өз жобаларын ұсынды. 12 оқушы 3 орынға ие болып, осы конкурстың жүлдегілері атанды.

         Олардың арасында жүлдегерлердің атағына Павлодар қаласының №9 мектеп-гимназиясы, №20 мектеп-лицейі 11 сынып оқушылары Нұрахмет Ақбота, Нұржанова Әсемгүл, Асқар Әсел ие болды. Павлодар, Алматы  қалаларындағы өткен қалалық және облыстық оқушылардың ғылыми жобаларының сайыстарындағы жеңіс және тәжірибе жию Нұрахмет Ақботаның Алматыдағы халықаралық конкурста жеңіске жетуіне негіз болды. Олар – қалалық оқушылардың ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы, номинация иесі, облыстық (2, 3 орындар), республикалық (3 орын) және Алматыдағы халықаралық конкурсының лайықты 3 орынның жүлдегерлері.

         Қарашашева Әмина,  №25 мектебінің 11 сынып оқушысы, лауреат болып атанды. 

Сайыстың жеңімпаздарын мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Оларға мұнан былайғы жеңістерді және табыстарды тілейміз!

 

Ш.С. Нұрахметова,

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі