ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ОЖСБ-ға дайындық жүргізілуде
15-03-2013 12:43
ОЖСБ-ға дайындық  жүргізілуде

    13.03.2013 жылы №34 ЖОМ базасында 9-сыныпта сабақ жүргізетін қазақ тілі мұғалімдері үшін оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық жасауға кеңес беру семинары өтті. Бұл семинарға қала мектептерінің қазақ тілі мұғалімдері жиналды.

    Семинардың негізгі мақсаты: қала мектеп мұғалімдер арасында тәжірибемен алмасу. Оқушыларға қиындық туғызатын сұрақтарды қарастыру. Семинар барысында №34 мұғалімі Мұталипова Ж.А. жалпы ОЖСБ дайындығын неден, қалай бастау керек екенін, қандай жұмыстар жасау керек екенін айта отыра, өзінің тәжірибесімен бөлісті. А.Е.Оспанова ОЖСБ-ға дайындық кезінде мониторинг папкасын қалай жүйелі тұрғыда жүргізу керектігін көрсетіп, талдау үлгілерін берді. Ал тест жұмыстарынан кейін оқушылардың қате жіберген тақырыптарын тиімді меңгерту жолдарын Байғұлова Г.С. түсіндіріп, өзінің жасаған тақырыптық кеспе қағаздарының тиімділігін айтты. Шарипбаева Ш.Р. лексикада кездесетін мәселелерді қарастырды. Семинар соңында мұғалімдер арасында пікірталас өтіп, семинар өз мақсатына жетті. Бұл семинардың мазмұндылығы ОЖСБ-ға дайындық кезінде өз үлесін қосады деген үміттеміз.

 

Павлодар қаласы

білім беру бөлімінің әдіскері

Халида Бекбосынова