ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мұғалімдері үшін «М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы» бойынша қалалық семинар-тренинг өтті
15-03-2013 12:54
Қазақ тілі мұғалімдері үшін «М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы» бойынша қалалық семинар-тренинг өтті

Қазақ тілі мұғалімдері өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін меңгерту үшін жан-жақты тиімді әдіс-тәсілдерді, технологияларды қарастырады.

Сондай технологияның бірі «М.М.Жанпейісованың модульдік технологиясы». Өйткені модульдік технологияны қолдану оқушылардың тілдерін дамытып қана қоймай, сонымен бірге әр түрлі ойындар арқылы қызығушылықтарын арттырады.

   2013 жылдың 14 наурыз күні №42 ЖОМ негізінде қазақ тілі мұғалімдері үшін «М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы» бойынша қалалық семинар-тренинг өтті. Семинарға келген ұстаздар Әбелдинова А.Ә. және Ахметова Қ.Т. мұғалімдердің ашық сабағына қатысты. Сабақ толығымен модульдік технологиясының негізінде құрылып, сол технология арқылы оқушылардың тілдерін дамытып, қызығушылықтарын арттырып, құзыреттілік тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады.

   Семинардың екінші бөлігінде Камзина А.Е. М.М.Жанпейісовның модульдік технологиясының тиімділігін айтып, өзінің тәжірибесімен және технологияның қыр-сырымен бөлісті.

  Тәжірибелік бөлімінде Абылова М.Ж., Ахметжанова А.М., Бегалинова Ә.Е. модульдік технологияның оқыту-үйрету ойындарын түсіндіре отыра, мұғалімдерінің өздерімен ойын түрлерін өткізді. Мұғалімдер ойындарды өзектерінен өткізіп, сабақта тиімді қолдану жолдарын қарастырып, өздеріне керекті материалдарды тәжірибе және электронды түрінде де ала кетті.

Семинар өз мәресіне жетіп, қала мұғалімдері алғыстарын білдірді.

 

 

Павлодар қаласы

білім беру бөлімінің әдіскері

Халида Бекбосынова