ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жас директор» мектебінің кезекті отырысы
01-04-2013 10:25
«Жас директор» мектебінің кезекті  отырысы

№42 жалпы орта білім беру мектебінің негізінде «Жас директор» мектебінің кезекті отырысы өткізілді.Ашық баяндаманы  және мектеп  жұмысының талдауын жазу кезекті отырыстың негізгі сұрақтары болып табылды.

Мектеп басшыларының  өз сабақтары дәстүрлі емес үлгіде  шебер сағаты,   диалогтық   сөйлесу  арқылы  ұйымдастырылды. Отырыс модераторы «Өрлеу БАҰО» АҚ бас маманы Л.В. Рыжкова болды.

     Мектеп директорларының алдында №42 ЖОМ  И.Ж.Тургульдинова және №42 директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  сөз алып, ашық баяндаманы жазу жайында   өзінің тәжірибесімен бөлісті.

         Ақпарат  алмасу  және жиналған өнім  жөнінде диалогтық сөйлесу  болды. Әріптестер өздерінің  мектеп басқару жұмысында  кездесетін өзекті мәселелері туралы айтып, алғашқы нәтижелерімен  бөлісті.

              Қорытынды сабақ әріптестермен қуанышты, сәттілікті, кей кезде туылатын мәселелерді бөлісу тілегімен, сонымен қатар алдағы уақытта шығармашылықпен, түсіністікпен жұмыс істеуге, бірлесіп  жетістіктерге жету  тілектерімен жылы, достық, ынтымақтастық жағдайда өтті.  Ашық баяндаманы жазу  және  жиналған материалдарды талдауы келесі отырыстың  бағдарламасы болады деп шешілді.

Барлық қатысушылар  ашық баяндаманы жазу және мектеп талдауы  туралы жадынама алды.

 

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Ш.С.Нұрахметова