«Өрлеу» БАҰО» жоспарына сәйкес «Жаңа білім сапасын қамтамасыз ету жағдайында білім беру қызметкерлерінің өсуі» бірінші Республикалық педагогтар оқулары өткізілді.
Педагог оқулары кезең бойынша өткізіледі:
- білім беру мекемелерінде 20-26 ақпан;
- қалалық педагогикалық оқулар 28 наурызда.
- облыстық педагогикалық оқулар 22-27 сәуірде
- республикалық педагогикалық оқулар- 2013 жылдың 26-28 маусымда Алматы қаласында өткізіледі.
Қала мектептерінде педагогикалық оқулар өткізіліп, үздік танылған баяндамалар,қалалық оқулардың іріктеу кезеніне ұсынылды.
2013 жылдың 29 наурызда іріктеу кезеніне 31 бағыт, 15 оқу пәндері бойынша 147 жұмыс ұсынылды.
Эксперттік нәтижелері бойынша 56 баяндама, үздік деп танылып, облыстық педагогикалық оқуларға ұсынылды.Облыстық педагогикалық оқулар 2013 жылдың 26 сәуірде республикалық филиалы «Өрлеу» БАҰО» базасында өтеді.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі
әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Ш.С.Нұрахметова