ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы
14-04-2013 15:04
Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы

 

2013жылғы 10 сәуірдеПавлодарқаласындаПавловкөшесі, 82/1 мекенжайында№ 46 балабақшаашылды. Балабақшаны салтанатты түрде ашу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын қатысты. Мектепке дейінгі мекеме 320 орынға арналған. Сегіз топ қазақ тілінде, төрт топ орыс тілінде оқытылады. Жалпы - 12 топ. Балабақшада балалардың жеке дара және шығармашылық қабілетін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Музыкалық және спорттық зал, хауыз, медициналық блок, психологтың, логопедтің, ағылшын тілінің кабинеттері бар. «Сарыарқа» кешеніндегі үшінші мектепке дейінгі мекеменің ашылуы мектепке дейінгі мекемені қажетсініп отырған аталған шағын ауданның тұрғындары үшін маңызы өте зор. «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қалада мектепке дейінгі мекеме желісін арттыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар өткізілді. Мектепке дейінгі мекеме желісін арттыру бойынша белгіленген жоспарлар ойдағыдай іске асты. Үш жылдағы «Балапан» бағдарламасының іске асуы кезінде облыстық орталықта 19 балабақша, 20 мектепке дейінгі шағын орталық ашылды, мектепке дейінгі мекемеде қосымша орынмен 5000 аса бала қамтылған, жаңа 1500 аса жұмыс орны құрылды. Бұл шаралар 3 пен 6-ты жас аралығындағы балаларды 100 % қамтуға мүмкіндік туғызды.