ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Денсаулығы ең мықты мектеп
18-04-2013 12:42

 

Денсаулығы ең мықты мектеп


2013 жылғы 16 сәуірде облыстық М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында жалпы білім беретін мектептер арасында «Денсаулығы ең мықты мектеп» жобаларын қорғау бойынша ІІІ облыстық конкурс өткізілді. Конкурстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулыққа ұқыптылықпен қарау қасиеттерін қалыптастыру, жалпы білім беру мектептерінде оқушылар арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру жөнінде үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау. Конкурс 2013 жылғы 30 қаңтарда басталды. Облыстың жүзден астам мектебі қалалық және аудандық кезеңдерге қатысты.
ІІІ облыстық конкурсында аудандық, қалалық конкурстардың жеңімпаздары Павлодар облысының 14 үгіт бригадасы қатысты. Үгіт бригадалар «Біз салауатты өмір салты үшін!» ұранымен бар өнерін көрсетті. Облыстық конкурс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Денсаулығы ең мықты мектеп» жобалары көрсетілсе,  екінші кезең – үгіт бригадалар конкурсы.
ІІІ облыстық конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар қаласы № 21 мектебінің үгіт бригадасы бас жүлдені иеленді, 1-орын Павлодар қаласының № 40 ЖОМ, 2-орын – Екібастұз қаласының № 18 ЖОМ, 3-орын – Павлодар ауданының Розовка ЖОМ. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталды.