ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жауқазын» ІІ зияткерлік олимпиадасының қорытынды кезеңі
22-04-2013 04:15

 

«Жауқазын» ІІ зияткерлік олимпиадасының қорытынды кезеңі

 

2013 жылдың 17-сәуірінде Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде мектепке дейінгі балалар мекемелерінің даярлық топтарының балаларына арналған «Жауқазын» олимпиадасының қалалық қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада 3 кезеңнен өткізілді: олимпиаданың іріктеу кезеңі мектепке дейінгі мекемелерде өтті, 2013 жылдың қаңтарында негізгі кезеңде 91 мектеп жасына дейінгі балалар қатысты және қорытынды кезеңде 34 мектепке дейінгі мекемелердің 50 тәрбиеленушісі қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен № 25 ОЖМ шағын орталығының тәрбиеленушісі Жомартова Дария, № 96 балабақша – «Радуга» гармониялық даму орталығының тәрбиеленушісі Ермолаев Богдан, № 10 балабақшаның тәрбиеленушісі Касимова Назерке, № 7 балабақшаның тәрбиеленушісі Сарсенбай Нурсултан марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен № 1 балабақшаның тәрбиеленушісі Солдатенко Яна, № 38 балабақшаның тәрбиеленушісі Роговский Вова, № 19 балабақшаның тәрбиеленушісі Ахметова Адель, № 12 балабақшаның тәрбиеленушісі Жаксылык Бирганым, № 122 балабақшаның тәрбиеленушісі Шаймагамбетов Айтуар марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен № 24 балабақшаның тәрбиеленушісі Дроздова София, № 51 балабақшаның тәрбиеленушісі Каирскакова Амина,  № 96 балабақша - «Радуга» гармониялық даму орталығының тәрбиеленушісі Одинцова Анастасия, № 21 балабақшаның тәрбиеленушісі Мартышин Кирилл, № 79 балабақшаның тәрбиеленушісі Еркенова Амина, № 2 балабақшаның тәрбиеленушісі Алшинбаева Азиза, № 104 балабақшаның тәрбиеленушісі Айтжанова Асель, № 5 балабақшаның тәрбиеленушісі Сагындык Темирлан, № 7 балабақшаның тәрбиеленушісі Амре Амира, марапатталды .

Қорытынды кезеңнің қатысушыларының жетістіктері «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» номинацияларында бағаланды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дарынды балаларға арналған № 3 гимназияға, балаларға арналған № 8 лицей-мектебіне және дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебіне қабылдау құқығына ие болды.

Олимпиада қатысушыларына кеңсе жабдықтары бар папка сыйлыққа берілді. № 25 ОЖМ шағын орталығы, № 96 балабақша - «Радуга» гармониялық даму орталығы, № 10, № 7 балабақшалар олимпиада қатысушыларын ойдағыдай дайындағаны үшін облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.

«Жауқазын» зияткерлік олимпиадасы шеңберінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, п.ғ.к. З.Е.Жумабаеваның қатысуымен мектепке дейінгі мекемелердің педагогтеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалық әрекетінің негіздері» дөңгелек үстелі өткізілді. Оған Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің 50-ден аса педагогы қатысты.