ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
VІ облыстық көптілдік олимпиадасы
24-04-2013 03:38

 

VІ облыстық көптілдік олимпиадасы

 

2013 жылғы 19 сәуір күні Инновациялық Еуразиялық университетінде  10-11 оқушылардың арасында VІ облыстық көптілдік олимпиадасы өтті. Мемлекет Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстанның әлемдік әлеуметтік-экономикалық кеңістікке интеграциялануына ұмтылуын көрсететін идеясы  Қазақстандағы көптілде білім беру мәселесінің шешілуіне аса өзектілік береді және отандық білім берудің алдында тұрған жоғары шыңдарды көрсетеді: ол қазақстандық мектептердің түлектері шетел жоғары оқу орындарында еш қиындықсыз оқуларын жалғастыра алатындай бәсекеге қабілетті, жоғарысапалы болуы тиіс. Осындай білім беру бағдарламасының өзектілігі, көпқырлылығы көптілділік бойынша олимпиаданың өткізілуіне жол ашты.

Көптілдік олимпиаданың іріктеу кезенінде облыс бойынша 37 мектептен 144 адам қатысты. Областык кезеніне 33 мектептен 97 оқушы өтті. Олимпиада екі турдан тұрды. Екінші турға 11 мектептен 19 оқушы қатысты.

Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің оқушысы Мурат Асель ИнЕУ ректорының грантарымен марапатталды.

 Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің оқушысы Жаныгулова Зарина - «Үміт жолы» номинациясына, Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің оқушысы Саят Маржан - «Қасиет» номинациясына, Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің оқушысы Бүлежан Раушан - «Сөз шөбері» номинациясына ие болды.