Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Білім беру көшбасшысы- 2013» сайысының қорытындысы
30-04-2013 12:48
«Білім беру көшбасшысы- 2013» сайысының  қорытындысы

«Білім беру көшбасшысы- 2013» сайысы - білім саласындағы теориялық және практикалық басқарудың жаңа бағыттарын анықтауға, оны зерделеуге бағытталған, Павлодар қаласы білім беру жүйесін жаңалауға, дамытуға ықпал ететін инновациялар мен технологияларды қолдауға, қалалық білім беру мекемелеріндегі оқу мен тәрбие үдерісіне тиімді әсер ететін шараларды бағдарлауға арналған.

Сайыстың негізгі мақсаттары :

- жоғары кәсіби рейтингте шығармашылық тұрғыда жұмыс істей алатын көшбасшыларды анықтау;

- қалалық білім беру мекемелеріндегі басшылардың әлеуметтік және кәсіби мәртебесін қалыптастыру ;

- басшылардың қалалық білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көпшілік алдында таныту;

- басшылық қызметіндегі алдыңғы қатардағы тәжірибелерді насихаттау;

  Қатысушылардың жұмысын қазылар алқасы  келесі құрамында бағалады  : әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова , қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы  К.Е. Аштаева  ,  әдіскер – Л.А. Алейник, білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы директорының орынбасары- А.Е. Солтанбекова , №22 ЖОМ директорының орынбасары - Г.А Бекмурзинова 

   Жеңімпаздар келесі  номинациялар бойынша анықталды:

«Кәсіпқой – менеджер»  №25 ЖОМ  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  Г.С.  Құсайынова

«Сапа шыңы» №21 ЖОМ директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Х. Бондаренко

«Болашаққа бағытталған қадам»  № 2 ЖОМ әкімшілігі  Н.Б.Асылбекова, А.Ж.Камалиденова,  Г.К.Бегайдарова

«Жетістік амалы» №4 ЖОМ  директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  А.Т. Бекбаева

«Ашық әлем» директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Л.А.Чикунова, Л.М. Логвинова

 «Дебют»  директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Б.Нуралин.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

  

                                  Ш.С.Нұрахметова,   әдістемелік кабинет меңгерушісі