ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жол қозғалысы жас инспекторлар отрядының қалалық форумы
03-05-2013 06:49
Жол қозғалысы жас инспекторлар отрядының қалалық форумы

.

Ең маңызды проблемалардың бірі балалар арасындағы жол-көлік травматизмі болып отыр. Аталған мәселені шешу үшін 1973 жылы ең алғаш рет жол қозғалысының жас инспекторлар отряды құрылды.

         Жол қозғалысы жас инспекторлар отряды қызметінің негізгі міндеттері, бұл балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол қозғалысы Ережесін насихаттау, жол үстіндегі балалар травматизмінің алдын алу.

         Олар жолда жүру мәдениетін, отаншылдық пен ұжымшылдықты тәрбиелеуге, бастауыш сыныптың оқушылары арасында жолда жүру ережесін насихаттауға, балалар арасында тәртіпті арттыруға, сондай-ақ болашақ жол полиция қызметкерлерін дайындауға шақырады.  

         Қалалық байқауға № 36, 41, 40, 25, 35, 22 мектептердің жас инспекторлар отряды қатысты.

         Жол қозғалысының жас инспекторлар отряды өз білімдері мен ептіліктерін төмендегі байқауларда көрсетті: «Саптық байқау», «ЖҚЕ білгірлері», «Жас реттеуші», «Жас тілші», «Жас санитар», «Командирлар байқауы», «ЖҚЖИ-на 40 жыл!» үгіт байқауы».    «ЖҚЖИ-на 40 жыл!» үгіт байқауында жол қозғалысының жас инспекторлары өздерінің шығармашылық әлеуеттері мен актерлік шеберліктерін көрсетті. «ЖҚЕ білгірлері» номинациясында № 36 жалпы орта білім беру мектебінің ЖҚЖИ отряды ерекше көзге түсті.   «ЖҚЖИ-на 40 жыл!» үгіт байқауында» № 35 жалпы орта білім беру мектебінің отряды жақсы деп танылды. Қалалық слеттің қорытындысы бойынша 1 орынды № 36 жалпы орта білім беру мектебінің ЖҚЖИ отряды, 2 орынды -  № 22 жалпы орта білім беру мектебінің отряды,                   3 орынды - № 35 жалпы орта білім беру мектебінің отряды иеленді.                  Қалалық слетте бірінші орын алған № 36 жалпы орта білім беру мектебінің командасы облыстық жол қозғалысының жас инспекторлар слетінде қаланың намысын қорғайтын болады.