ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«12-жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық сайысының ІII кезеңі
04-05-2013 04:16
«12-жылдық  бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық сайысының  ІII кезеңі

       Білім үдерісіне  инновациялық  технологияларды және заманауи әдістемелерді енгізу білімді жаналаудың басым бағыты болып табылады.

   «Шеберлік- бұл ғылыми дәлелді  оқу және тәрбиелеу технологиясы» В.П.Беспальконың сөзі  бүгінгі күні өзекті. Павлодар қаласының ұстаздары кезекті рет облыстық сайыста жоғары нәтижелер көрсетті.

Павлодар облысы білім беру басқармасының, Павлодар облысы Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында «12-жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық сайысының соңғы кезеңін өткізді. Сайыс облысымызда бірінші рет өткізілді.

      Сайыстың  мақсаты - бейіндік 12-жылдық мектеп бойынша курстардың әзірлемесін дайындауда шығармашылықпен айналысатын пән мұғалімдерін тауып, қолдау көрсету, олардың әрі қарай маман ретінде өсуін, пән мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерін тарату.

 «12-жылдық  бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» қалалық сайыстың нәтижелері бойынша облыстық сайысқа қала мұғалімдерінің  23 арнайы курс жіберілді. БбжТДИО-ның  сараптау кеңесіні қала ұстаздарының 6 (30%) арнайы курсын сайысқа қатысуға ұсынды.

       Сайыстың соңғы кезеңіне Павлодар қаласы, Екібастұз қаласы, Аксу қаласы гимназиясының, дарынды қыз балаларға арналған ҚТЛ, Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, Павлодар, Ертіс және Шарбақты аудандарынан келген 18 мұғалім қатысты. Қазылар алқасының құрамында ПМПИ жетекші ғалымдары, ББжТДИО әдіскерлері, білім беру басқармасының мамандары, облыс мектептерінің үздік педагогтары жұмыс істеді.

        Сайыс нәтижесі бойынша  Павлодар қаласының ұстаздары бірінші нәтиже- сайыстың соңғы кезеңіне -6 жұмыс өтті.

            Сайыстың  қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

 1-ші орын: «АКТ негізінде ұсынылған үздік арнайы курс» номинациясы - Поляков И.О., Витько К.В. (Павлодар қ. № 34 ЖОМ),

2-ші орын: «Әлеуметтік-гуманитарлық бейін бойынша үздік арнайы курс» номинациясы -Суворова Л.Ф., Туркбенова Д.С. (Павлодар қ. № 34 ЖОМ), «Жаратылыстану-математикалық бейін бойынша үздік арнайы курс» номинациясы - Нурпеисова Р.Ш. (Павлодар қ. № 30 ЖОМ), Смагулова М.Т. - (Павлодар қ. № 22 ЖОМ), 

 «АКТ негізінде ұсынылған үздік арнайы курс» номинациясы - Шкиль В.Г. (Павлодар қ. № 17 ЖОМ).

                            

                                             Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

                                  Ш.С.Нұрахметова,   әдістемелік кабинет меңгерушісі