ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Итоги Машхур - Жусуповских чтений
02-04-2009 18:00

«ІІ Мәшһүр – Жүсіп оқулары»

ІІ қалалық оқуларының қорытындысы туралы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2009 -2010 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын» іске асыру мақсатында № 19 жалпы орта білім беру мектебінде қала оқушыларының арасында халқымыздың Ұлы ғұламасы - Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде 2009 жылдың 1 сәуірінде

« ІІ Мәшһүр – Жүсіп оқулары» өткізілді.

Мың жылда бір рет туылатын - Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу оқудың негізігі мақсаты болды.

Екінші рет қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: № 2, 5, 7, 12, 13, 19, 21, 25, 35, 38 ( 20 оқушы қатысты).

Оқу екі номинациядан өтті: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» - жас ақындар (өздерінің шығарған өлеңдері) және «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» мәнерлеп жатқа оқу сайысы;

Оқудың қорытындысы бойынша:

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» жас ақындар шығармашылығы номинациясынан

Бас жүлдеге № 19 ЖОМ, 7 қазақ сынып оқушысы Кәмен Алмат ие болды;

І орынға – № 38 ЖОМ, 6 қазақ сыныбы оқушысы Төлеу Нұржанат иеленді;

ІІ орындарды – № 25 ЖОМ, 9 қазақ сыныбы оқушысы Бабаева Әсел және № 2 ЖОМ , 5 қазақ сыныбы оқушысы Өсербай Сағынған алды;

ІІІ орындарды - № 25 ЖОМ, 9 қазақ сыныбы оқушысы Мадина Айымгүл және № 25 ЖОМ, 7 қазақ сыныбы оқушысы Айтуар Салтанат қол жеткізді.

Ынталандыру грамотасына мына мектептер оқушылары ие болды: № 21, 33, 39, 29, 26, 36, 38, 41.

«Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» мәнерлеп оқу номинациясынан

Бас жүлдеге № 25 ЖОМ, 7 қазақ сынып оқушысы Алдабаева Маржан ие болды;

І орынға – № 38 ЖОМ, 8 қазақ сыныбы оқушысы Әбішева Нұрбике иеленді;

ІІ орындарды – № 35 ЖОМ, 7 қазақ сыныбы оқушысы Уәлиханов Ұлан және № 19 ЖОМ, 8 қазақ сыныбы оқушысы Аманбай Құралай алды;

ІІІ орындарды - № 21 ЖОМ, 6 қазақ сыныбы оқушысы Иманбаева Баянсұлу және № 13 ЖОМ, 5 орыс сыныбы оқушысы Рахимбаева Зарина мен № 19 ЖОМ, 8 қазақ сынып оқушысы Асайынова Айнұр қол жеткізді.

Ынталандыру грамотасына мына мектептер оқушылары ие болды: № 7, 19, 38.

Облыс көлемінде өткізілетін «Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы оқуларына» қатысу жолдамасын «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» мәнерлеп оқуға № 25 ЖОМ, 7 қазақ сынып оқушысы Алдабаева Маржан және «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» жас ақындар шығармашылығына № 19 ЖОМ, 7 қазақ сынып оқушысы Кәмен Алмат алды.