ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін ұйымдастыруының қорытындысы
06-06-2013 12:34
Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін ұйымдастыруының қорытындысы

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 11 ақпандағы “Алғашқы әскери дайындық туралы” № 118 қаулысын орындау мақсатында Шарбақты ауданының “Лесная сказка” демалыс үйі базасында 2013 жылғы 20-25 мамыр күндерi аралығында қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері ұйымдастырылып, Павлодар қаласының 10-сынып жасөспірімдерімен 5 күндiк оқу-далалық жиыны өткiзiлдi.

Оқу-далалық жиынына барлығы 460 оқушы, болашақ сарбаздарымыз қатысты.

Жасөспірімдердің өмір сүруі, оқып-үйренуі және сабақтарға қатысуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагеріне барардың алдында оқушылармен «Өрт қауіпсіздігі Ережесі», «Оқ-дәрілермен, гранаталармен және Юнкер-2 автомат қаруымен оқ ату кезінде өзін-өзі ұстау Ережесі» және «Көліктерде өз-өзін ұстау Ережесі» бойынша нұсқама жүргізілді. Жалпы білім беру мектептерінде жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының және әскери мүліктің сақталуына жауаптылар белгіленген бұйрықтар шығарылды.

ҚССЛ күн тәртібінде таңертең ерте тұру, дене шынықтыру жаттығуларын жасау, тамақтану, оқу сабақтарын жүргізу және спорттық-көпшілік іс-шаралар қатаң сақталды. Оқу-жаттығу жиынын өткізу кезінде жасөспірімдер төрт рет тамақтанды, денсаулықтарын дәрігерлік қадағалануы қамтамасыз етілді. Ішкі қызмет наряды ҚССЛ аумағында, асханада, жатын орындарында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалап отырды. Лагерь аумағының ішкі шекарасы мен лагерьге бақылау-өткізіу пунктін (БӨП) үш мезгілдік қарауыл наряды күзетті. Лагерь бойынша кезекші мен ҚССЛ штабының өкілдері ішкі қызмет атқаруға бақылау жасады.

Алғашқы әскери дайындық бағдарламасы толық орындалып, «жақсы» деген баға алды. Оқушылармен ҚР Қарулы Күштерінің жарғысы, «Юнкер-2» пневматикалық автоматтан оқ ату, тактикалық, саптық және оқ ату бойынша сабақтар өткізілді. Спорттың әскери – қолданбалы түрі бойынша денешынықтыру-спорттық іс-шаралар өткізілді.

Жиын қортындысы бойынша № 4, 6, 7, 9, 14, 18, 19, 21, 26, 29, 36, 39, КОМ (АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары: М.Е.Кобиков., Қ.Т.Иманалиев., Н.Ж. Тасыбаев., Б.Утепов., Б.К.Серикбаев., А.С. Сыздықов, Б.А. Сыздықов, В.В. Вайгант, А.Дюсекин., Н.А. Липин, А.П.Лапин., Т.А.Тәйкебаев және жалпы білім беру мектептерінің оқушылары алғашқы әскери дайындық бойынша үздiк нәтижелерге қол жеткiздi.

Дене тәрбиесі дайындығы бойынша № 4,7,9,13,14,18,26,27,30,36,40 мектептерінің оқушылары жоғары көрсеткіш көрсетті. Ал жеке біріншілікте № 9,19,29,34,КОМ мектептердің оқушыларына тең келер ешкім болған жоқ.

            Осылардың барлығы жасөспірімдердің дене бітімінің дамуына, олардың болашақта ҚР ҚК қатарында қызмет атқаруға дайындығына жағдай жасады деген пікірге және болашақ сарбаздарымыз Отан алдында адал қызмет жасайтынына кәміл сенеміз! 

 

Білім беру бөлімінің әдіскері Қ.С.Райысов