№25 ЖОМ командасы футболдан балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің жеңімпазы
2013 жылдың 10 мен 18 аралығында Семей қаласында балалар мен жасөспірімдердің кіші жас топтардың арасында футболдан республикалық «Coca-Cola Былғары доп» турнирі өтті. Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 16 команда қатысты.
2006 жылдан бастап «Coca-Cola Былғары доп» футбол турнирі біздің елімізде ең ірі балалар жарысы болып табылады. Мақсаты – балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау. Республикалық ақтық турнирде Павлодар облысының намысын облыстық турнир жеңімпазы Павлодар қаласының № 25 ЖОМ командасы қорғады. Жарыстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы ІІ орынды иеленді.