ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сегізінші қалалық педагогикалық марафон – 2013
27-08-2013 04:33
      Сегізінші қалалық педагогикалық марафон – 2013

2013 жылғы 22-23 тамыз күндері ИнЕУ, ПМПИ, №9, №16, №39 мектептердің  және №3, 6, 10, 27, 51, 53, 44, 93  сәбилер бақшасы базаларында сегізінші қалалық педагогикалық марафон өтті. Өткізу барысында директорлар, директорлардың орынбасарлары, әдіскерлер, мектеп, бала бақша ұстаздары  үшін 32-ден астам шебер сағаттары, басқару сұрақтары бойынша дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылып, шығармашылықпен жұмыс істейтін қала мұғалімдері инновациялық тәжірибемен бөлісті.

      Қала мектептерінің директор орынбасарларының, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, ата-ана комитетінің  төрайымдарының 360 астам баяндамалары72 секцияда тыңдалса, 11 секциядағы  бала бақша қызметкерлерінің  41 баяндамалары талқыланды.

      Марафон жұмысында 2800 астам қала мұғалімдері және 500 астам мектеп дейінгі мекемелердің қызметтері қатысты.

   Білім беру бөлімінің мадақтамаларымен «ең үздік әдістеме-дидактикалық құрал» және облыстық интернет-фестиваль үшін 9 мұғалім марапатталса, 19 мектеп директорларының орынбасарлары, 4 мектеп директоры, 56 қалалық шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері жоғары кәсібилігі мен шығармашылығы  және қалалық  әдістемелік қызметпен бірлесе атқарған жұмысы үшін марапатталды.

  Инновациялық тәжірибесін жалпыламау бойынша  45  мұғалімге, 52 мектеп және қалалық деңгейдегі жаттықтырушыларға сертификат берілді. Баяндамалары  ең үздік деп танылған 160 мұғалім  алғыс хатпен марапатталды.

   Секция жұмыстарында Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кабинет меңгерушілері, Инновациялық Еуразия Университетінің, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылары, мектеп директор орынбасарлары, әдіскерлер және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер модераторлар болды.

         Секциялардың модераторлары мұғалімдердің ең үздік докладтарын «ИнЕУ жаршысында» басылып шығуын ұсынды. 

    Сегізінші педагогикалық марафон жұмысына белсенді қатысқаны үшін барлық мұғалімдерді, мектеп директорларын, секция жетекшілерін, ИнЕУ, ПМПИ ректоратына алғыс білдіреміз.

     Жаңа оқу жылында табыс, жаңа жетістіктер және  шығармашылық тілейміз!

 

Ш.С.Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі