ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Менің педагогикалық ұстаным» іріктеу айналымының қорытындысы
13-09-2013 05:47
«Менің педагогикалық ұстаным»  іріктеу айналымының қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөліміжоспарына сәйкес оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибе жинақтап тарату, оқытудың  әдістерімен тәсілдерінің  пәнді  игерудің  тың технологиясын іздестіру,  оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін  арттыруды тәжірибеде  іске асыратын,  шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында жыл сайын қалалық «Жыл мұғалімі» сайысы өткізіледі.

Сайыс жаратылыстану-математика бағытының, бастауыш сынып мұғалімдері үшін үш айналымдаөткізіледі.

Бірінші іріктеу айналымы«Менің педагогикалық ұстаным»  (өзін-өзі таныстыру) 2013 жылғы 12 қыркүйек БШҰО негізінде өтті. «Менің инновациялық тәжірибем» (мастер-класс) 2013 жылғы 13 қыркүйек БШҰО негізінде өтеді. Екінші іріктеу айналымы – практикалық (бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізу) - 2013 жылғы 20 қыркүйек №17 ЖОМ негізінде, финалдық айналымы (визитка, педагогикалық рингі, шығармашылық этюд) 2013 жылғы 4 қазан №25 ЖОМ негізінде өткізіледі.

Сайысқа 32 қала мектептерінен (№№1, 2, 4, 5, 6, 11, 12(2), 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24(2), 25, 26, 28, 29, 33(2), 34, 35, 36, 38, 40, 41, 42, КОМ, Жетекші ЖОМ)46 мұғалім (биология – 2, химия – 1, география – 6, информатика – 2, математика – 6, физика – 2, бастаыш сынып – 27) тапсырыс берді.

Әділқазы алқасының мүшелері білім беру бөлімінің, ЖОО өкілдері, Павлодар облысы білім беру және тәрбиелеу инновациялық орталығының әдіскерлері, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарылар, қала мектептердің жоғары санаты тәжірибелі мұғалімдер тағайындалады.

«Жыл мұғалімі-2013» қалалық сайысының жеңімпаздары «Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдызы» номинацияларында дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталынады.

Біінші іріктеу айналымының қорытындысы бойынша келесі айналымына қатысушылар анықталды. Олар:

«Үміт» номинациясы

Саденов К.А., №22 ЖОМ математика пәні мұғалімі, Кожокар В.А., Петрова Е.А. , №11, 18 мектептерінің география пәні мұғалімдері, Касенова Д.Б., Филипушко Е.А., №33, 41 мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, Иванова Е.В., №42 ЖОМ биология пәні мұғалімі, Поляков И.О., №34 ЖОМ ИВТ мұғалімі, Молдабаева Г.К., №20 ЖОМ физика мұғалімі.

 «Шеберлік шыңы»

Смагулова Б.Ж., Плетюхина Ю.В., Санат А., Нурпеисова С.Т., Мухамеджанова З.А., Кузьменкова О.Н., №12,21,25, 29,43 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, Жакупов М.О., Терейковская Л.С., Каирбеков Д.Б., №№20,26,38 ЖОМ география пәні мұғалімдері, Прохоренко С.В., №1 ЖОМ физика мұғалімі,  Айтуганова Б.Е., №35 ЖОМ математика пәні мұғалімі.

 «Шоқ жұлдызы»

Зорький Ж., Васильева Т.П., Жазкей С., Шлейнина О.В, Асютина Е.Н., Артемова Г.В., Кушкумбаева С.Н., №2,4,17,24,28,36,42 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері,  Жунусова Б.К., Сугралинова Б.А., №12,13 ЖОМ математика пәні мұғалімдері, Сидоренко И.И., Жетекші ЖОМ химия пәні мұғалімі, Ахметжанова З.Ж., №24 ЖОМ биология пәні мұғалімі.

Нұрахметова Ш.С.,

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі