Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Инновациялар, шығармашылық, тәжірибе» аймақтық жергілікті семинар.
21-10-2013 06:34
«Инновациялар, шығармашылық, тәжірибе» аймақтық жергілікті семинар.

«Инновациялар, шығармашылық, тәжірибе» аймақтық жергілікті семинар.

 

Бүгін, қазан айының 17 күні, №9 мектеп-гимназиясының, №16 мектеп –лицейінің, №25 ЖОБМ базасында «Инновациялар, шығармашылық, тәжірибе» тақырыбында, Семей қаласының білім беру мекемелерінің басшыларына арналған аймақтық жергілікті семинар өтті.  

Мектеп директорларының назарына қала оқу орындарында профильдік оқыту жағдайында жеке құзыреттілігін қалыптастыру, көптілді оқытуды іске асыру, білім беру жағдайындағы тиімді менеджмент, нәтижені бағдарлау, экологиялық білім беру бағыттарында білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жолдары ұсынылды, сонымен қатар ҰБТ-ға дайындықты және жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі презентацияланды. №9 мектеп-гимназиясының, №16 мектеп-лицейінің, №25, 29, 36, 39 мектептерінің және Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығының директорлары мен директордың орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қортындысында Павлодар және Семей қалаларындағы мектептері өзара ынтымақтасуы (қызметтесуі) туралы меморандумға қол қойылады.