ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық инновациялық педагогикалық тәжірибенің іріктеу турының қорытындысы
11-11-2013 12:33
Қалалық инновациялық педагогикалық тәжірибенің іріктеу турының қорытындысы

      Бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты-қоғам өзгерістеріне қарсы тұра алатын ғана емес, әлеуметтік-экономикалық процестерін басқара алатын  мамандарды қалыптастыру. Шын мәнінде, өркениетті қоғамдағы бәсекелес нарықтық қатынастардың барлық қиыншылықтары- бүгінгі оқушылардың  мойынында. Ал сондай оқушыларды дайындау барша мұғалімдердің алдында тұрған міндет. Осындай келелі міндетті атқару үшін мұғалім үнемі ізденіп, өз кәсіби шеберлігін арттыруға тиіс. Бұл жолда  озық тәжірибемен бөлісетін мамандарда баршылық..                                                                                                                                                   

      8.11.2013 жылы Павлодар қаласының Білім беру бөлімінде озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмыстары іріктеу турынан өтті. Инновацияляқ педагогикалық тәжірибемен  74 мұғалім қалалық деңгейде, 21 мұғалім облыстық деңгейде бөлісуге сұраныс берді.  Сараптама комиссия мүшелері 67 қала деңгейі бойынша,18 облыс деңгейі бойынша ұсынылған  жұмысты қарастырып,солардың ішінде 52 жұмысты қалалық деңгейде қорғауға ұсынды. Ал 18 мұғалімнің іс-тәжірибесі  облыстық деңгейде қорғауғаға ұсынылды.

                                              Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері: Х.В.Бекбосынова