ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары»
14-11-2013 03:57
«ҰБТ-ға дайындаудың  тиімді жолдары»

           Білім беру бөлімінің әдістемелік  кабинеті №7, 11 мектептерінің  базасында қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих, математика, физика, химия, биология мұғалімдеріне оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша семинар – практикум өткізді.

       2013 жылғы ҰБТ нәтижелері және 2013-2014 оқу жылында дайындықты жетілдіру жолдары туралысөз көтерді.

         Мұғалімдердің алдында әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова, білім беру бөлімінің әдіскерлері, шығармашылықпен істейтін пән мұғалімдері сөз сөйледі.

Жұмыс барысында жылдар бойы тестілеуден жоғары көрсеткіш көрсетіп жүрген мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісті. Олар қазақ тілі пәнінен: С.Б. Джанбусинова (№1 ЖОМ), С.А. Медеуова (№7 ЖОМ), Ж.С. Тлеугабыл (№40 ЖОМ), орыс тілінен: Н.А. Еленич (№34 ЖОМ), К.Б. Байбусинова (№12 ЖОМ), ағылшыннан: А.Ж. Бахтиярова (№7 ЖОМ), Смаилова (№29 ЖОМ), тарихтан: К.Е. Кисимова (№40 ЖОМ), Н.О. Омарова (№25 ЖОМ), С.Е. Айткуженова (№7 ЖОМ), Г.С. Туртугулова (№41 ЖОМ), математикадан: Т. В. Дронова (№ 18 ЖОМ), С. С. Шарипова  (№ 19 ЖОМ),  физикадан: О. Ю. Хренова (№5 ЖОМ), географиядан: А.К. Жумабаева Р.Ж. Изтелеуова (№№22,39 ЖОМ), биологиядан: А.Е. Крюковская (№16 ЖОМ), А.А. Омарова (№2 ЖОМ), химиядан: Н.В. Меркушева (№9ЖОМ).

       Семинарда әдістемелік  кабинеттің әдіскерлерімен алдын ала тестер нәтижелерінің  талдауы  жүргізіліп, қиын тақырыптармен жұмыс істеу, қайталауды ұйымдастыру, оқу материалының сабақтастығы бойынша, мәліметтерді блоктап  беруге , тақырыптық  тестерді  қолдануға, нашар оқитын   оқушылармен  жеке  жұмысы  және  ата-аналармен  жұмыс  істеу  бойынша   мұғалімдерге   нақты   ұсыныстар   берілді. ҰБТ-ға сапалы дайындау үшін мұғалімдерге көмек көрсету бойынша әдістемелік кабинеттің өткізетін  іс- шараларының  жоспарларымен таныстырып, ҰБТ-ға дайындау технологиясын  көрсетті. Пән мұғалімдері қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен тест жинағының кілттерін құрастыруын тапсырмасын алды.

Мұғалімдер әдістемелік кабинетінің ҰБТ-ге сапалы дайындық бойынша іс-шараларының жоспарымен танысты, ҰБТ-ге дайындықтың технологиясы ұсынылды.

        Ш.С. Нұрахметова,

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі