Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қазақстан тарихы оқулықтың авторымен аймақтық дөңгелек үстел
27-11-2013 13:46
Қазақстан тарихы оқулықтың авторымен аймақтық дөңгелек үстел

№13 мектеп негізінде тарих ғылымының докторы, Астана қаласының Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, Қазақстан тарихы оқулықтың авторы З. Кабулдиновтың қатысуымен «Қазақстан тарихының сабақтары және тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміздің нығайуының сұрақтары» атты аймақтық дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушы ҚР мәдениет пен ақпарат Министрлігінің қолдауымен «Халықтың келісімімен» Қоғамдық Фонды болды.

ҚР-сында мемлекетінің келешекте нығайту шеңберінде ұлттық тарихының аз қамтылған жақтарын талқылауы - негізгі мақсаты болды. «Дөңгелек үстел» жұмысына қоғамдық қайраткерлері, ғалымдар, білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, әдіскері, №11, 13, 19, 20, 35, 41, 42, КЖОМ қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері, мектеп директорының орынбасарлары, №9, 13, 16, 20 мектептерінің түлектері қатысты.

Дөңгелек үстелінің жұмысы келесі бағытта өтті: отандық тарихының өзекті мәселелерді талқылауы, қазақстандық патриотизмін қалыптастыруындағы тарих пәнінің ролін анықтауы, педагогикалық кадрларды дайындау мәселелерін анықтау, Қазақстан тарихы мектеп оқулықтарының сапасын жоғарлату, Қазақстан тарихы жалпы білім беру мектебінде оқыту негізгі мәселелерін шешу жолдарын іздеуі, ҰБТ-ге оқушыларды дайындау ерекшеліктерін талдауы.

М. Мәметова, Ә. Молдағұлова туралы фильм, видеороликтер көрсетілді, «Қазақстан тарихының сабақтары және тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміздің нығайуының сұрақтары» доклады, «Саяси репрессияға ұшырылғандардың тарихи-құқық аспектерін өзекті оқыту», «Тарих пәні бойынша ҰБТ-ге дайындау мәселелері мен ерекшіліктері», «ҰБТ-ге жүйелі дайындығы» таңдалды, оқушылардың жобалары ұсынылды.

Кездесуде т.ғ.д., ЕҰУ-нің профессоры, оқулықтың авторы З.Е. Кабулдинов, з.ғ.к., ЕҰУ-нің доценті, «Халықтың келісімімен» Қоғамдық Фондының өкілі С.К. Бастемиев, т.ғ.к., ПМПИ профессоры В.Н. Жамулдинов, Павлодар облысының қоғамдық қайраткері Е.М. Асылханов, №13 мектеп директоры С.М. Камиева, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова, №13,41 мектептернің тарих пәні мұғалімдері Л.С. Штриккер, Г.С. Туртугулова, №9, 16, 20 мектептерінің қалалық ғылыми жобаларының жеңімпаздары Д. Утегенова, Н. Хмель, А. Бекбосынова, Д. Бексейітова сөз сөйледі.

Қатысушылар оқулықтың авторымен сұхбаттасып, 8 сыныпқа арналған тарих пәнінен жұмыс дәптерін құрастыру ықылас білдірді.

«Қазақстан тарихын қалай оқу және оқыту» атты блиц-сұрақ жүргізілді. Сонда №19 мектеп директоры Д.А. Тайгулин, №11, 19, КЖОМ мектептерінің тарих пәні мұғалімдері С.М. Белогурова, М. Байдолда, Г.К. Кулжанов, 11 сынып оқушылары өз ойларын ортаға салып, сұрақтарды қойды.

Түгел қатысушыларға үлестіру әдебиеті, осы кездесудің фотосуреттерінің дискілері табысталды. Ұсынылған жобалар мен докладтар үшін оқушыларға сыйлықтар таратылды.

 

Ш.С.Нұрахметова,

білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі