Асырап алушылар мектебі туралы
2013 жылдың 13 желтоқсанында қорғаншылық пен қамқоршылық секторы «Балаларды жанұяға орналастыру түрлі формаларының заңды және психологиялық аспектілері» атты Асырап алушылар мектебінің отырысы ұйымдастырылды. Отырыста сектор мамандары асырап алынған балалардың және асырап алғандардың құқықтары туралы айтып берді. СТИКС мектебінің психологы «Асырап алған отбасындағы тәрбие беру стильдері» тренингін өткізді. Қорғаншылар мен патронаттық тәрбиешілер өзара пікір алмасып, алғыстарын білдірді.