Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка мерекесі.
27-12-2013 12:48
Музыка мерекесі.

.2013 жылғы 20 желтоқсанда музыка колледжіндегі Құрманғазы атындағы №1 Балалар музыка мектебінің  70 жылынаарналған мерекелі концерт өткізілді.  Кеш бойы туған күн иесі - мектеп құттықтауларды қабылдады. Ең басты сыйлық – мектеп түлектерінің орындаулары болды.Мерекенің салтанатты бөлігінде мектеп педагогтарына құрмет грамоталарымен алғыс хаттар берілді.  Мерекенің құрметті қонақтары Қазақстан Республикасы БММ аймақтық кеңес мүшесі, Алматы қаласы №12 БММ  директоры Е.Тагильцева, Астана қаласы №3 БММ директоры В. Достов, Астананың Қазақ халық өнер университеті «Фортепиано» кафедрасының профессоры Нұрлан Тохтарұлы Измайлов,Қазақстан Республикасының ағарту үздігі, Екібастуз қаласының құрметі азаматы Виктор Михайлович Солодков.Түлектердің музыкалық құттықтаулары мектеп оқушыларының музыкалық құттықтауларымен ұйысып отырды. Театралдық-сахналық факультатив (жетекшілері – Г. Хазырова және Н. Кабурнеева) К.Усачевтің пьесасы бойынша «Доктор Айболит» мюзикілінен үзінді көрсетті. Балалар өздерінің әртістілігімен, костюмдерінің әсемдігімен және декорациялармен барлықтарын таңқалдырды. Мерейтой кешінің жарқын қорытындысы С.Бахматтың жетекшілігімен және қазақ халық аспаптары оркестірінің жетекшісі К.Ермекбаев пен Н.Қайшановтың бірге қосылып хор шығаруы болды.Кешке келген әрбір қонақты кеш бойында мерекелік қуаныш толқытты.