ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ҰБТ-2014 дайындық кезіндегі мәселелері мен оларды шешу жолдары» семинар-жиналысы
15-01-2014 09:52
«ҰБТ-2014 дайындық кезіндегі мәселелері мен оларды шешу жолдары» семинар-жиналысы

Әдістемелік кабинет №7, 11 мектептердің базасында математика, физика, химия, биология, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі мұғалімдеріне оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша семинар – жиналыс өткізді.

ҰБТ-ға дайындық кезіндегі мәселелер мен олардың шешу жолдары бойынша білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Г.Ш. Шиндлярская, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова, тәжірибелі мұғалімдер мен әдістемелік бірлестігінің жетекшілері сөз сөйледі.

Жұмыс барысында жылдар бойы тестілеуден жоғары дәреже көрсетіп жүрген мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісті. Олар тарих пәнінен: Т.С. Саворовская  (№1 ЖОМ), А.А. Ешимова (№22 ЖОМ), В.П. Столяров (№5 ЖОМ), М.К. Ибраева (№36 ЖОМ), математикадан: Т.И. Харитонович (№22 ЖОМ) , физикадан: Н.Н. Черненко (№29 ЖОМ), қазақ тілінен: Манабаева Г.Р.(№35 ЖОМ),Жанбосынова С.Б. (№1 ЖОМ), орыс тілінен: Т. Попова (№43 ЖОМ), к.Ф. Касимова (№22 ЖОМ), ағылшын тілінен: Сульбаев Т.(№2ЖОМ), Б.С. Сагитова (СТИКС), географиядан : С.Н. Барвих (№28 ЖОМ), биологиядан: А.Е. Крюковская (№16 ЖОМ), химиядан: С.В. Хомутова (№39 ЖОМ).

Оқушылары төмен көрсеткіш беріп жатқан қала мұғалімдердің есебі тыңдалды. Іскерлік сұхбатта 260 қала мектептерінің пән мұғалімдері қатысты

Семинарда әдістемелік кабинеттің әдіскерлерімен алдын ала тестер нәтижелерінің талдауы жүргізіліп, қиын тақырыптармен жұмыс істеу, қайталауды ұйымдастыру, оқу материалының сабақтастығы бойынша, мәліметтерді блоктап беруге , тақырыптық тестерді қолдануға, нашар оқитын оқушылармен жеке жұмысы және ата-аналармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге нақты ұсыныстар берілді. ҰБТ-ға сапалы дайындау үшін мұғалімдерге көмек көрсету бойынша әдістемелік кабинеттің өткізетін іс- шараларының жоспарларымен танытырып, ҰБТ-ға дайындау технологиясын көрсетті.

Ш.С. Нұрахметова,

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі