Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Жас директор» мектебінің кезекті отырысы
16-01-2014 11:27
«Жас директор» мектебінің кезекті  отырысы

«Жас директор» мектебі, мектеп директорының мектепті басқаруы мен бақылауы, педагогикалық кадрлармен жұмыс, құқықтық оқыту, мектеп жұмысы мен мазмұнын жетілдіру, оқу - әдістемелік жұмысының мәселелері және т.б. өзекті  сұрақтарды  қарастырады.

№21 жалпы орта білім беру мектебінде «Жас директор» мектебінің кезекті отырысы өткізілді. Мектепті басқару, жұмыс уақытын тиімді қолдану, директор мәртебесі мен имиджі кезекті отырыстың негізгі сұрақтары болып табылды.

Мектеп директорларының алдында №21 ЖОМ директоры Т.Б. Веневетина өзінің басқару қызметіндегі шеберлігімен  бөлісті. Өзін өзі басқаруды үйренбеген адам, басқаларды да басқара алмайды деген ежелден келе жатқан даналық сөз бар. Басшының қызметін жетілдіру көптеген факторларға (себепкер шарттарға) байланысты, бірақ, алайда, ең маңыздыларының бірі – ол өз жұмысын ұтымды (қолайлы) ұйымдастыру, өз жұмыс уақытын тиімді пайдалану.                  

Көптеген мектеп әкімшілерінің шамадан артық жұмыс істеуі көптеген мәселелердің бір бірімен ұштасуының, көптеген жұмыстармен бір уақытта айналысу қажеттілігінің салдарынан болады. Бұл ретте көбінесе біз мақсатқа емес, қызметтің процессіне бағдарлаймыз (бет аламыз). Бұны болдырмау үшін, өз қызметінің ережелерін, өзін өзі басқару қағидаларын, сонымен қатар оның «тайм- менеджмент» деп аталатын негізгі бөлігін білу білу қажет және пайдалы. Оның мәні – кәсіптік қызметті ұйымдастырудағы тиімді әдістерге негізделген, уақытты пайдаланудағы жеке технологиясы.

Барлық қатысушылар мектеп директорының және директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларының жұмыс жасау циклограммасы бойынша кеңес алып, әкімшіліктің қызметін жоспарлау, менеджмент бойынша материалдар мен  жаднамалар алды.

«Жас директор» мектебінің қатысушылары  өздерінің кәсіби өсуін сезініп,   өз жұмыстарында кездесетін өзекті мәселелері туралы айтып, әдістемелік, ақпараттық, сондай ақ психологиялық қолдау алды.

 №17, 18, 20, 28, 34, 41, 42, 43 мектептерінің басшылары алғыстарын білдірді.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Ш.С.Нұрахметова