«Голубой огонек» атты концерт туралы
2014 жылдың қаңтардың 10-шы жұлдызында «Балшуақ» балалар жасөспірімдер клубында «Голубой огонек» атты концерт өткізілді. Мерекелік бағдарламада театр үйірмесінің тәрбиеленушілері түрлі қойылымдар мен музыкалық нөмірлерді көрсетті. Бағдарламаны «Чудеса в решете» театр үйірмесінің жетекшісі, қосымша білім беру мұғалімі - Денисова Юлия Олеговна ұйымдастырды. Оның мақсаты – үйірменің екі тобын біріктіріп, бір-бірінің алдарында өнер көрсетіп, әрқайсысы әріптестерінің шығармашылық шеберлігінен үлгі алып, кемшіліктері болса бір-біріне кеңес беру. Театр үйірмесінің ашылғанына аз болса да, бұл үйірме өз тәрбиеленушілерін тапты. Шараға он бес бала қатысты.