Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас ізденушілердің жеңісі
31-01-2014 06:00

Жас ізденушілердің жеңісі

·         Өзгерту

2014 жылғы 25-27 қаңтарда Щучинск қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» іздену жұмысы және ғылыми жобалардың республикалық конкурсы өтті. «Зерде» конкурсына Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ден астам жас ізденушілер қатысты. Павлодар облысынан конкурстың қорытынды кезеңіне 21 оқушы өтті. Павлодардың жас дарындылары конкурсқа экология, математика, физика, экономика, химия, биология, әдебиет, тіл білімі, тарих, этномәдениет мәселелері бойынша 17 жобаны ұсынды. 

Павлодар мектептерінің оқушылары тағы бір мәрте құнды және мықты білімдерін жатқа айту жолымен емес, өзіндік шығармашылық еңбектері жәнеізденіс жолымен нәтиже беретінін дәлелдеді. Конкурстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы бірінші орынға ие болды және алғашқы 9, 5 екінші, 6 үшінші иегері атанды. І орынды Аллазов Михаил, №43 ЖОМ 6-сынып оқушысы,  №25 ЖОМ 4-сынып оқушылары Әлиханова Нұрай, Бейсенбекова Әйгерім, №9 гимназия-мектебінің 5-сынып оқушысы Денисенко Николай,  Павлодар қаласының №9 гимназия-мектебінің 2-сынып оқушысы Харченко Герман, №9 гимназия-мектебінің 5-сынып оқушылары Ахатов Амирабдолла, Воробьева Вероника. Павлодар қаласының №17 ЖОМ 3 сынып оқушысы Паршуков Данил «Дарын» АҒТО грамотасымен марапатталды.