ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ауғанстан әскер шығаруының 25 жылдығына арналған панкратион және грепплинг бойынша Қазақстан Республикасының қалалары арасындағы турнирды өткізу туралы
04-02-2014 11:25
Ауғанстан  әскер шығаруының 25 жылдығына арналған   панкратион және  грепплинг бойынша Қазақстан Республикасының қалалары арасындағы  турнирды өткізу туралы

Павлодар қаласында панкратион және  грепплинг бойыншаҚазақстан Республикасының қалалары арасында Ауғанстан  әскер шығаруының                       25 жылдығына арналған   турнир өтті. Турнир салауатты өмір сүруді насихаттау, мықты спортсмендерді анықтау, Қазақстан Республикасында  панкратион және  грепплингті  спорт түрінің бірі ретінде дәріптеу және дамыту мақсатында өткізілді.     Атырау, Орал, Ақсу және  Павлодар қалаларының 60 спортшылары  чемпион  атағына жарысты.      Турнирге  құрметті қонақтар  Мекеев Сағындык Махметұлы – панкратион Ұлттық Федерациясының президенті, Теренченко Илья Сергеевич – қалалық маслихат депутаты, Шарапатов Ғалымжан Гаусилұлы – Павлодар қаласы Ауған ардагерлер кеңесінің төрағасы  қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ресми емес сынақта  бірінші  жалпы   командалық орынды  Павлодар қаласы, сонан соң Ақсу (II орын) және Орал (III орын).  Ерекшеленген спортшылар: Карабаев Мади, «Дос» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленуші, тренер НұрмұхановТ. Б., Идрисов Еркебұлан, «Өркен»  балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленуші, тренер  Мұсайыпов Р. С., Сарапинас Валера, Талас Алмаз, Сейпулла Наурызбек – «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері, тренер Омарова З. К.