Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында әдістемелік бірлестігінің жұмысын жетілдіру" тақырыбы бойынша семинар өтті
13-02-2014 11:08

 

  Бүгінгі таңда білім беруге  қойылған бірден-бір міндет –оқушының алған білім сапасын арттыру. Әрине ол үшін әдістемелік бірлестіктің рөлі маңызды.Сол мақсатты іске асыру жолында2014 жылдың ақпан айының 14-і күні қалалық

«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің үздік әдістемелік бірлестігі -2014» байқау –сайысының жеңімпазы Қ. Бекқожин атындығы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігі «Қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында әдістемелік бірлестігінің жұмысын жетілдіру»  тақырыбы бойынша өз шаңырақтарында практикалық семинар өткізді.

Семинар қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдерінің бірлестігінің кәсіби шеберлігін шыңдау және  тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. 

Семинарға қала  мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарды №12 ЖОМ оқу-ісінің меңгерушісі Гүлнарай Жеңісқызы Анесова ашты. ӘБ жетекшісі Айкен Айтмахамбетқызы Жұмабекова қатысушыларға ӘБ қатысты номативтік құжаттармен, ӘБ жұмысымен, бірлестіктің ерекшелігімен таныстырып өтті.

Мектеп психологы Б.Қ.Мұқушева өткізген «Табыс биополиясын жасау» атты психологиялық трегингтен соң, ӘБ мұғалімдері мен оқушылары ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламаны  тамашалады.

 Тәжірибе алмасудан соң семинарға қатысушылар «Қалижантану» орталығына, оның ішінде мемлекеттік стандартқа сай жабдықталған қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерімен танысып, осыдан кейін мұғалімдер семинар жайлы ой бөлісіп,  өз пікірлерін білдірді. Маңыздылығы жоғары бұл семинар әдістемелік жетекшілердің осы бағытта жұмысын жетілдіруге өз үлесін қосты деген сенімдеміз және №12 мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерін сайыстағы жеңістерімен құттықтай отыра, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс, өмірлеріне шаттық тілейміз!

 

 

Павлодар қаласы

білім беру бөлімінің әдіскері

                                                                                                           Х.В.Бекбосынова