Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Х қалалық ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар сайысының қорытындысы
02-04-2014 11:42
Х қалалық ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар сайысының қорытындысы

Бастауыш сынып оқушыларының Х қалалық ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар конкурсына қала мектептерінен 286 жұмысқа

тапсырыс  қабылданып , 40 мектеп қатысты. (№1, 2, 4,5, 6, 7, 9, 11,12, 13, 14, 16, 17,18, 19, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28,29, 30,31,33, 34, 35, 36, 38, 39, 40, 41, 42, ИМ№2 КЖОМ, СТИКС, ОТК-42,Жетекші)

      Конкурсты  қорғауға 165 жұмыс қатысты.

Оның ішінде 10 жұмыс ұжыммен жазылған,155 жұмыс дербес орындалған.

Конкурска қатысатын  оқушылар құрамы:

-15 оқушы 1сыныптан

-48 оқушы 2 сыныптан

-48 оқушы 3 сыныптан

-54 оқушы 4 сыныптан

     Конкурсқа қатысушылардың зертттеу тақырыбы ретінде өнер, табиғат, ғылым әлемі алынды. Мұнда 16 бағытта: «Өсімдіктер», «Тірі табиғаттың сыры», «Қол шеберлердің елі», «Қарапайым нәрседегі қажайып», «Өз қолымен», «Деңсаулықты сақта», «Психология», «СӨҚ», «Тіл білімі», «Математика, физика», «Тарих және өлкетану», «Мәдениет және өнер», «Қызық әлемде», «Әлемдегі барлық нәрсеу туралы», «Денсаулық сырлары», «Биология».

Өте өзекті тақырыптар мен зерттеулердің қызықты мақсаттары таңдалды. Жас мөлшеріне қарамастан балалардың дайындығы өте таңғылықты. Зертттеудегі әртүрлі көзқарастар мен мамұны күрделі. Жобаларды қорғау әртүрлі қалыптарда: қарапайым әңгімеден практикалық тәжірибе өткізуге дейін қамтылған.

Төменгі буын оқушыларының жобалары өте қызықты және олардың жұмыстары дұрыс тамақтану мәселесімен, адамның өсімдіктерімен және жануарлармен ара қатынасы, компьютерлік техниканың балалар денсаулығына әсері, ұялы телефондар  сатып алу, сағыздарды пайдалану, тән және мектеп кабинеттерінің гигиенасы, вирустармен күресу, болашақ мектебі, автомодельдеу, ата – тектердің шығу тарихы, географиялық атаулар мен найзағалар атауы, үй жағдайында қояндар мен көбелектер өсіруге қатысты көзқарастардың өзгешелігмен ерекшеленеді.

Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларды сараптауға және қазылар алқасының жұмысына  жоғары оқу орындар мен колледждердің профессорлық – оқытушылық құрамы тартылды: ИнЕУ, ПМПИ, ПК, білім беру бөлімінің өкілдері.

Сайыстың барлық қатысушылары мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

                      Ш.С. Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

                                         Ш.Ш.Қайырғазина, Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері