«Керім-ай» би тобы «Ақ көгершін» VІІI Халықаралық байқауының дипломанты
«Жігер» БЖК тәрбиеленушілері «Керім-ай» би тобы Астана қаласында 25-28 наурыз аралығында өткен «Ақ көгершін» VІІI Халықаралық байқауына қатысты. Байқау 7 номинация бойынша өтті: вокал, ұлттық аспаптар, аспаптық орындау, хореография, балалар сәні, біртума жанр, мәнерлеп оқу. «Керім-ай» балалар би тобы хореография номинациясында 10 жасқа дейінгі кішкентай жастағылар санатында өнер көрсетіп, әр түрлі сипаттағы екі биді, орыс биі «Забава» және «Буги-Вуги» эстрадалық биін биледі. Қазақстанның әр түрлі облыстарынан келген 24 қатысушының ішінен «Жігер» БЖК тәрбиеленушілері 10 үздіктіктің қатарына еніп, «Ақ көгершін» халықаралық байқауының дипломанты атанды. Әр қатысушы дипломмен, естелік кәдесыймен марапатталды, ұжымға диплом берілді.