ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Керім-ай» би тобы «Ақ көгершін» VІІI Халықаралық байқауының дипломанты
08-04-2014 12:30
«Керім-ай» би тобы «Ақ көгершін»   VІІI Халықаралық байқауының дипломанты

«Жігер» БЖК тәрбиеленушілері «Керім-ай» би тобы Астана қаласында 25-28 наурыз аралығында  өткен «Ақ көгершін» VІІI Халықаралық байқауына қатысты. Байқау 7 номинация бойынша өтті: вокал, ұлттық аспаптар, аспаптық орындау, хореография, балалар сәні, біртума жанр, мәнерлеп оқу. «Керім-ай» балалар би тобы хореография номинациясында 10 жасқа дейінгі кішкентай жастағылар санатында өнер көрсетіп, әр түрлі сипаттағы екі биді, орыс биі «Забава» және «Буги-Вуги» эстрадалық биін биледі. Қазақстанның әр түрлі облыстарынан келген 24 қатысушының ішінен «Жігер» БЖК тәрбиеленушілері 10 үздіктіктің қатарына еніп, «Ақ көгершін» халықаралық байқауының дипломанты атанды. Әр қатысушы дипломмен, естелік кәдесыймен марапатталды, ұжымға диплом берілді.