ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жас директор» мектебінің отырысы
24-04-2014 09:39
«Жас директор» мектебінің   отырысы

№ 7 жалпы орта білім беру мектебінің негізінде «Жас директор» мектебінің кезекті отырысы өткізілді. Отырыс барысында сырттай бақылауға және оқу жетістіктерін сырттай бағалау  дайындық жүйесі, мектептегі психологиялық қызметтін  жұмысы, мектеп директорының  ұйымдастыру қызметі жөнінде мәселелер талқыланды.

     Мектеп басшыларының  өз сабақтары дәстүрлі емес үлгіде  шебер сағаты  диалогтық   сөйлесу  арқылы  ұйымдастырылды. Қала мен облыс көлемінде  жыл сайын  түлектері ҰБТ-дан жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген мектеп директоры Т.А. Мигунова сөз алды.

Ол мектеп  мұғалімдерінің түлектерін дайындауға байланысты бақылау жүйесін ұсынды, оқушыларға және ата-аналарға психологиялық көмек  көрсету және үрей деңгейің анықтау бойынша психологтың жұмысымен таныстырды.

Мектеп басшыларының отырысы шебер сағаты, сұхбаттасу түрінде өткізілді.

        Отырыс барысында 9 сынып оқушыларымен кәсіптік бейімдеу, 10 сыныпқа қабылдау,тестпен жұмыс істеу әдістемесі, «қиын» тақырыптарды қарастыру, психологтардың трениг өткізу материалдарын ұсынды

      Татьяна Алексеевна сөз алып, мектептің қызметін жоспарлау  және бақылауды ұйымдастыру ,директор және оқу-тәрбие    ісінің орынбасарлары қызметінің циклограммасы, 10 сыныпқа қабылдауға дау туғызатын сұрақтарды шешу ,ата-аналар қоғамымен  байланыс  орнату жайында   өзінің тәжірибесімен бөлісті.

 

 Ақпарат  алмасу  және жиналған өнім  жөнінде диалогтық сөйлесу  болды. Әріптестер өздерінің  мектеп басқару жұмысында  кездесетін өзекті мәселелер туралы айтып, алғашқы нәтижелерімен  бөлісті.

    

        Қорытынды сабақ әріптестермен қуанышты, сәттілікті, кей кезде туылатын мәселелерді бөлісу тілегімен, сонымен қатар алдағы уақытта шығармашылықпен, түсіністікпен жұмыс істеуге,бірлесіп  жетістіктерге жету  тілектерімен жылы, достық, ынтымақтастық жағдайда өтті.  

        Барлық қатысушылар  мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және жоспарлауын,  психологтың ұсыныстарын, мектеп,директор жұмысының циклограммасы туралы жадынама алды.

Ш.С.Нұрахметова,   әдістемелік кабинет меңгерушісі