ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Білім беру көшбасшысы- 2014» қорытындысы
29-04-2014 05:01
«Білім беру көшбасшысы- 2014» қорытындысы

«Білім беру көшбасшысы- 2014» сайысы - білім саласындағы теориялық және практикалық басқарудың жаңа бағыттарын анықтауға, оны зерделеуге бағытталған, Павлодар қаласы білім беру жүйесін модернизациялауға, дамытуға ықпал етер инновациялар мен технологияларды қолдауға, қалалық білім беру мекемелеріндегі оқу мен тәрбие үдерісіне тиімді әсер етер шараларды бағдарлауға арналған.

Сайыстың негізгі мақсаттары :

- жоғары кәсіби рейтингте шығармашылық тұрғыда жұмыс істей алатын көшбасшыларды анықтау;

- қалалық білім беру мекемелеріндегі басшылардың әлеуметтік және кәсіби мәртебесін қалыптастыру ;

- басшылардың қалалық білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көпшілік алдында таныту;

- дарынды басшыларды қолдап, марапаттау;

- басшылардың біліктілігін арттыруға ықпал ету;

- басшылық қызметіндегі алдыңғы қатардағы тәжірибелерді насихаттау;

   Қазылар алқасының  келесі құрамы  : п.ғ.к., ПМПИ профессоры- В.К. Омарова , ИЕУ-дің аға-оқытушысы,магистр А.М.Утилова, ББТДИО-ның директор орынбасары А.А.Кожахметова, білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Г.А. Шиндлярская, ББТДИО-ның әдіскері Л.А. Алейник. әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нурахметова , әдіскер Г.Б.Әубәкірова қатысушылардың жұмысын бағалады.

                    

Жеңімпаздар келесі  номинациялар бойынша анықталды:

«Кәсіпқой – менеджер»  №23 ЖОМ  директоры С.И.Макулов

«Сапа шыңы» №25 ЖОМ директоры С.О.Айтказина

«Жетістік амалы» №9 ЖОМ әкімшілігі С.В.Завальная, Н.Е.Тлеугабылова

«Болашаққа бағытталған қадам» №21 ЖОМ директор орынбасары  Е.Л.Тихонова

«Ашық әлем» №39 ЖОМ директор орынбасары мен лингвистикалық гимназияның  жетекшілері Е.Л.Тюменцева, Н.С.Фролова, С.В.Беляева

 «Дебют» №17 ЖОМ директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары М.Ш.Темирбулатова,А.С.Ахметжанова.

       Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

                                    Әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С.Нұрахметова