ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«12 жылдық білім беру: өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы
30-04-2014 10:50
«12 жылдық білім беру: өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы

«12 жылдық білім беру: өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы

          Оқушылар сарайы негізінде «12 жылдық білім беру: өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Семинардың жұмысына эксперименталды мектептер басшылары, экспериментші ұстаздар, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ-дің бас мамандары, қалалық және аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия өкілдері, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарының білім беру мекемелерінің қызметкерлері, ЖОО қызметкерлері қатысты.

Конференцияда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың кілтті сұрақтары, 12 жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалды сауаттылықтарын қалыптастыру, 12 жылдық білім беру бойынша экспериментке ғылыми-әдістемелік қолдау, оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың өлшемдік жүйесі, мектептік және жоғары білім беруді кіріктіруде көптілді білім берілуін дамыту сұрақтары талқыланды. Секция қатысушылары білім беру жүйесін дамытудың заманауи тенденциялары мәнмәтінінде құзырлы амал енгізу практикасын зерделеу қажеттілігін, неғұрлым тиімді нәтижелерге жету мақсатымен білімдік практикаға өлшемдік бағалау енгізудің нақты стратегиясын өңдеу қажеттігін толық атап көрсетті.

Диалог алаңының жұмысында 40 қала мектеп директорларының орынбасарлары, 120 шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер, білім беру бөлімінің жұмыскерлер қатысты. «12 жылдық оқыту: арнаулы курстар енгізу арқылы мектептік және жоғары білімдік білім мазмұнын кіріктіру» атты секциясының модераторлардың бірі №34 ЖОМ директоорының орынбасары Т.А. Савченко болып сөз сөйледі.

Конференция қатысушылары қойылған міндеттерді іске асыру білім беру жүйесін динамикалы дамытуға ықпал ететініне, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуын анықтайтын фактор болатынына сапалы білімдік қызмет көрсетілетініне сенімділік білдірді.

Ш.С. Нурахметова,

Павлодар қаласының білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі