Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Итоги городского конкурса "Абаевских чтений"
30-04-2014 12:43
Итоги городского конкурса

«VАбай Құнанбайұлы оқулары» қорытындысы

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес № 35 жалпы орта білім беру мектебінде  қаланың бастауыш сынып  оқушыларының арасында  қазақтың  бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын  кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде 2014 жылғы  25 сәуірде  дәстүрлі қалалық  «VАбай Құнанбайұлы оқулары» өткізілді.

Абай оқуларының басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау, жалпы бiлiм беретiн оқу орындары бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабiлеттерiн, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезiм мәдениетiн дамыту, оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу,оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың өнерінің шыңдала түсуіне,сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу.

Қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің ішінде қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: №1, 2, 4, 5, 7, 9, 11, 12,13, 16, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 29, 30,  33, 34, 35,36, 38, 39, 40, 41, 42, 43, КОМ, №2 КБМ, ( 32 мектептен 77 оқушы қатысты).

«V Абай Құнанбайұлы» оқулары бойынша:

 «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу  аталымынан

Бас жүлдеге №38 ЖОМ оқушысы Дауан Бахберген ие болды;

І орынға – №25 ЖОМ оқушысы Бейсенбек Әйгерім, №35 ЖОМ оқушысы Бейсенбай Жалғас, №40 ЖОМ оқушысы Сәбите Жұмабек иеленді;

ІІ орын алғандар: №35 ЖОМ оқушысы Татыбаева Рымгүл, №36 ЖОМ оқушысы Қабиев Мақсат, №4 ЖОМ оқушысы Аверина Валерия, №17 ЖОМ оқушысы Нұғыман Лейла, №21 ЖОМ оқушысы Акмолдина Ксения.

ІІІ орын алғандар: №9 ЖОМ оқушысы Овчаренко Карина, №12 ЖОМ оқушысы Толебаева Камила , №19 ЖОМ оқушысы Мұхаметжанова Арай, №21 ЖОМ оқушысы Пархомчук Алина, №22 ЖОМ оқушысы Майсеенок Дана, №43 ЖОМ оқушысы Чайх Аяулым.

  «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындаршығармашылығы аталымынан : Бас жүлдеге №4 ЖОМ оқушысы Капиятова Меруерт ие болды.

І орынға – №25 ЖОМ оқушысы Авид Елдос иеленді.

ІІ орындарды  – №4 ЖОМ оқушысы Аманжол Аружан, №40 ЖОМ оқушысы Арман Айдынгүл, № 21 ЖОМ оқушысы Рахат Олжас алды.

ІІІ орынға - №17 ЖОМ оқушысы Байбатша Гүлім, №38 ЖОМ оқушысы Кенжебек Әлфараби, №35 ЖОМ оқушысы Шәріпбек Арайлым, №2 Кенжекөл бастауыш мектебінің оқушысы  Алгужинова Альмира қол жеткізді.

 «Құлақтан кіріп бойды алар,әсем ән мен  тәтті күй» әндер орындау аталымынан: Бас жүлдеге №17 ЖОМ оқушысы Алькенова Айдана ие болды.

І орынды №19 ЖОМ оқушысы Айнекова Даяна, №40 ЖОМ оқушысы Нұрғали Олжас иеленді;

ІІ орынды №22 ЖОМ оқушысы Тлеубек Ерқанат, №25 ЖОМ оқушысы Айтахмет Жанна, №33 ЖОМ оқушысы Шаймарданов Нұрмұхаммед, №35 ЖОМ оқушысы Сарканова Аружан алды.

ІІІ орындарға №11 ЖОМ оқушысы Бишлер Елизавета, №12 ЖОМ оқушысы Мухаметкалиева Сая, №24 ЖОМ оқушысы Галимова Айымгүл, №41 ЖОМ оқушысы Мұстафина Айдана , КЖОМ  оқушысы Әбілда Рузия қол жеткізді.

 Заманымыздың осындай дарынды балаларына қарап, қуанышымыз қойнымызға сыймай, осы ұрпақтарға келешекте де тек жеңiстердiң шыңдарынан көрiне берсiн ,  тұғырлы табыстарға жете берсін дегiмiз келедi.

                         ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Білім беру бөлімінің әдіскері: Х.Бекбосынова