ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Алтын бұлақ» атты IV қалалық фестиваль-конкурсы
06-05-2014 05:23
«Алтын бұлақ»  атты IV қалалық фестиваль-конкурсы

Құрманғазы атындағы №1 Балалар музыка мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған Павлодар қаласы балалар музыка  мектептерінің хор ұжымдары мен жеке ән айту бөлімдері оқушыларының IV қалалық «Алтын бұлақ» фестиваль-конкурсы өтті.

Шараның мақсаты: балалардың хорда ән айту дәстүрін дамыту, қолдау, және сақтау болып отыр, үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау,хор музыкасының үздіктерін әйгілеу;вокал өнері саласындағы талантты жәнекелешегі бар балаларға жан-жақты қолдау жасау, қатысушылар мен көрермендерді жақсы үлгідегі заманауи вокал музыкасына тарту.

 Сахнаға Құрманғазы атындағы №1 БММ, №3БММ, Кенжекөл ауылының БММ және «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж-музыкалық мектеп-интернат» кешен» ММ-і хор ұжымдары шықты. Олардың орындауында Ж. Бизе, Г. Гладков, М. Хромушин, Е. Птичкин, заманауи қазақ композиторлары С. Байтереков, Ә. Әбдинұров, С. Ставеров, Б. Ғизатовтың шығармалары болды.

Конкурстың орындаушылары кіші (7-9жас), орта (10-12 жас) және жоғарғы (13-16 жас) жас топтарға бөлінді.  Құзіретті қазылар алқасы олардың музыкалық деңгейлігін, интонация тазалығын және дыбыс сапасын, әртістілігі мен сахналық мәдениеттіліктерін бағалады.

            Конкурсың жеңімпаздары, олардың педагогтары дипломдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен, сонымен қатар естелік сыйлықтармен марапатталынды. Конкурсының қорытындысы бойынша:

Жоғарғы топ

1 орын- Карпенко Екатерина  №1БММ  пед. К.В Миронец.

2 орын - Жаканова Гулнұра №1БММ  пед. А.Н.Король

Орта топ

1 орын- Линнас Елизавета №1БММ  пед. С.А.Бахмат

1 орын- Наклонная Виолетта  №2БММ  пед.А. А.Савушкина

2 орын- Усина Нұрай №1 БММ   пед. К.В.Миронец

2 орын- Симчук Яна №2БММ  пед. Ю. В.Захарчук

3 орын- Ташенова Жулдызай  №2БММ  пед. Т.М.Дорошенко

3 орын- Терликбаева  Алуа №2БММ  пед.С. Ш.Байжанова

Кіші топ

2 орын- Петрова Полина №1БММ  пед. Н.Г.Кабурнеева

3 орын- Толеубек Казбек №1БММ  пед. Г.Т.Макышбаева