«Сібір жұлдыздарын жағады» Халықаралық конкурс-фестивалі
![«Сібір жұлдыздарын жағады» Халықаралық конкурс-фестивалі](/media/img/blogs/53804fac6be81.jpg)
Новосибирск қаласында «Таланттар әлемі» қорымен ұйымдастырылған «Сібір жұлдыздарын жағады» Халықаралық конкурс-фестивалінің финалы өтті. Қордың қызметі таланттарға көмек және қолдау көрсету, жақсылардың жақсысын таңдау, баланың танымдылығын кеңейту және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау. Фестиваль-конкурсқа Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебі фортепиано бөлімінің 4 сынып оқушылары Рудишева Диана және Куршакова Ирина. Конкурсанттар екі номинацияда – соло және фортепианалық дуэтпен шықты. Қыздар жоғарғы орындаушылық деңгейлерін көрсете білді: Рудишева Диана - 2 дәрежедегі лауреат, Куршакова Ирина – 1 дәрежедегі дипломант, фортепианалық дуэт - 2 дәрежедегі лауреат.