Павлодар қаласында зерттеу жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар қаласында ерте жастан білім берудің жобасы негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Кездесу Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Павлодар қаласының білім беру бөлімі ұйымдастырған дөңгелек үстелмен №6 сәбилер бақшасында басталды. Бұл шараға Павлодар облысының денсаулық басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығы РМК, «Өрлеу» АҚФ БАҰО, Павлодар қаласының білім беру бөлімі, Павлодар қаласының педагогикалық институты, мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, ата-аналар қауымы қатысты.
Күннің екінші жартысында №6,29,96 балабақшаларында зерттеу жұмыстары бойынша жүргізілді