ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Итоги первых городских Мукагалиевских чтений
01-03-2009 18:00

«І Мұқағали оқулары»

І қалалық оқуларының қорытындысы туралы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2008 -2009 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын» іске асыру мақсатында № 2 жалпы орта білім беру мектебінде қала оқушыларының арасында поэзияның хан тәңірі - Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау

мақсатымен қалалық деңгейде 2009 жылдың 27 ақпанында « І Мұқағали оқулары» өткізілді.

Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу оқудың негізігі мақсаты болды.

Бірінші рет қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: № 2, 5, 12, 25, 26, 35, 38 ( 17 оқушы қатысты).

Оқу өте күрделі бес номинациядан өтті: (қатысқан оқушы осы бес номинация бойынша сайысты)

• «Менің пірім - Мұқағали» айдары – оқушы Мұқағалидың бір өлеңін ой кестесіне сай жатқа оқу;

• «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» айдары- оқушы өз төл туындысын жатқа оқу;

• «Жыр эстафетасы» айдары - «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа толық білуі керек (жеребе бойынша таңдау);

• «Өлеңнен өрілген ой» айдары - (ақынның өлең жолы беріледі, сол берілген өлең жолын, қатысып отырған оқушы өз ойынан өлең шығарып әрі қарай жалғастыру керек);

• «Мұқағали мұрасын кім көп біледі» - сұрақ –жауап ойыны 1 минутта 10 сұрақтың қаншасына жауап берді, әрі оның шешуі дұрыс екендігі ескеріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай;

Оқудың қорытындысы бойынша:

Бас жүлдені - № 38 ЖОМ 8 қазақ сынып оқушысы Марат Ақбөпе ие болды;

І орынға – № 2 ЖОМ 8 қазақ сынып оқушысы Бекқожина Жанар иеленді;

ІІ орындарды – № 5 ЖОМ, 7 орыс сыныбы оқушысы Күзембай Эльвира және № 25 ЖОМ , 9 қазақ сыныбы оқушысы Мадина Айымгүл алды.

ІІІ орындарды - № 12 ЖОМ, 7 қазақ сыныбы оқушысы Байғазина Алтынай мен № 35 ЖОМ, 9 қазақ сыныбы оқушысы Мырзабекова Әсел және № 26 ЖОМ, 7 қазақ сынып оқушысы Хамзина Шара қол жеткізді.

Ынталандыру грамотасына мына мектептер оқушылары ие болды: № 2, 38.

Облыс көлемінде өткізілетін «Мұқағали оқуларына» қатысу жолдамасын № 38 ЖОМ, 8 қазақ сынып оқушысы Марат Ақбөпе алды.

Жүсіпова, 321937, 301491