ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас директор мектебінің кезекті отырысы
04-12-2014 12:25
Жас директор мектебінің кезекті  отырысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен  жоспарланған жас директорлардың кәсіби өсулеріне байланысты жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай 2009 жылғы қыркүйек айынан бастап қаламызда «Жас директор мектебі»  жұмыс атқаруда.

 Жас директор мектебінде мектеп алдындағы қойылған міндеттеріне сәйкес әр түрлі сұрақтар енгізілген: басқару мен бақылау бойынша директордың іс-әрекеті, педкадрлармен жұмысы, қаржы-құқық жалпыға міндетті оқу, мектеп жұмысының мазмұны мен құрылысын жетілдіру және т.б.

         Жас директор мектебінің жетекшісі Ш.С. Нұрахметовамен келесі жұмыстар жүргізілуде: мектеп отырысын ұйымдастыру бойынша көмек көрсететін жұмыс тобы құрылған, әдістемелік әдебиетінің каталогі құрастырылған, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету банкін жүйелі түрде қалыптастырады.

Кезекті отырыста қаржы-құқық жалпыға міндетті оқуға байланысты сұрақтар талқыланды.

Жас жетекшілер бюджетті жоспарлау, күрделі мен жеңіл-желпі мектеп жөндеудің сметасын құрастыру, ҚР нарықты ұсыныс сұрау бойынша мемлекеттік сатып алу үрдісін  жүзеге асыру, бюджеттік қаражатты меңгеру бойынша кеңес алды. 

Негізгі кеңесшілер Шейхислам Ж. бөлім басшысының орынбасары, Е.В. Злакоманова қаржы секторының меңгерушісі, Г.В. Иманалиева бөлімнің бас бухгалтері.

Жас директор мектебі – қажетті, лазымды іс, сондықтан да оның жолы ұзақ болады деп сенімдіміз.

        

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Ш.С.Нұрахметова